{metadescription}
Павлодар облысында КамАЗ-ға соғылған минивен жүргізушісі көз жұмды

Павлодар облысында КамАЗ-ға соғылған минивен жүргізушісі көз жұмды

Павлодар облысында КамАЗ-ға соғылған минивен жүргізушісі көз жұмды.

Тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған. Полиция Астана-Павлодар автожолының Қалқаман ауылы маңында болған оқиға бойынша сараптама тағайындап, тексеру жүргізіп жатыр.

«11 сәуір күні түнгі уақытта Астана қаласының тұрғыны Тойота Естима маркалы минивенмен келе жатып, рөлге ие бола алмай, КамАЗ тіркемесінің артқы жағына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Тойота жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомство минивен мен КамАЗ айып тұрағына қойылғанын мәлімдеді.

Полицияның дерегінше, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 124 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 7 адам қаза тапқан. Сондай-ақ, 162 адам жарақат алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.