Қазақстандықтар батыстағы үш қалаға алған әуе билетінің ақшасын толық қайтара алады
Елдегі су тасқынына байланысты Air Astana бірқатар шара қабылдады.
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform
16:16 11.04.2024
«Еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға 21 сәуірді қоса алғанда жоспарланған Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларына барлық рейс үшін сатып алу орны бойынша қаражатты толық қайтаруды ұсынады», - делінген хабарланған.
Әуекомпанияның мәліметінше, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасап, оларға айыппұлсыз 15 мамырға дейін қайта брондау мүмкіндігі берілмек.
«Air Astana тобы қажет болған жағдайда зардап шеккендерге ұшу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін тасымалдау сыйымдылығын 2 500-ден астам орынға арттырып, Атыраудан қосымша 14 рейс іске қосты», - деп хабарлайды әуе компаниядан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!