{metadescription}
Су тасқыны: Құлсары қаласына қайықпен шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды

Су тасқыны: Құлсары қаласына қайықпен шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды

Полиция қызметкерлері бір күн бұрын жоғалып кеткен 49 жастағы ер адамды тапты. 

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның жоғалғаны туралы 102 арнасына хабарлама келген, деп жазады kazinform.

«Жылыой ауданы полиция бөліміне 49 жастағы ер адамның Қарағай ауылынан Құлсары қаласына қайықпен шығып, бір күннен бері хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат түсті. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізуге әуе дронын пайдаланды. Бүгін, 11 сәуір күні сағат 11:00 шамасында Қарағай елді мекенінен 10 шақырым қашықтықта су тасқынынан пайда болған аралдан 49 жастағы ер адам табылды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, туысқандарымен қауышты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.