Ақмолалық әйел шетелдіктерге жалған анықтама жасап келген
Ақмола облысында шетел азаматтары үшін жалған анықтама құжаттарын жасап келген күдікті ұсталды.
Фото: Мұхтар Холдорбеков/https://Кazinform
09:41 12.04.2024
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Аршалы кентінің тұрғыны 2022-2023 жылдар аралығында аудан аумағына келген шетел азаматтарының жұмысқа орналасуы үшін жалған медициналық анықтама жасап келген.
«Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігі «заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», -деді ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!