{metadescription}
Ел аумағында рұқсат етілген пестицидтер тізімінде аса қауіптісі бар

Ел аумағында рұқсат етілген пестицидтер тізімінде аса қауіптісі бар

Қазақстанда субсидияланған пестицидтер тізімінде аса қауіптісі бар.

Бұл туралы Алматыда өткен Орталық Азия елдерінде жасыл ауыл шаруашылығын дамыту үшін ластанған ауылшаруашылық топырағының био- және фиторемедиациялық технологиялары бойынша халықаралық конференция барысында ФАО пестицидтерді басқару жобасының жетекшісі Салтанат Баешова айтты.

Мамандардың айтуынша, пестицидтерді биологиялық препараттармен алмастыру экологиялық проблеманың бірден бір шешімі.

«Жобаға қатысушы елдерде, соның ішінде Қазақстанда біз тіркеу кезінде көптеген факторларға назар аударамыз. Белгілі болғандай, елде пайдаланылған және тіпті субсидияланған пестицидтер тізімінде аса қауіпті пестицидтер бар. Оларды пайдалану ұлттық заңнамамен реттеледі, бірақ дамыған елдерде ескерілген көптеген критерийлер назардан тыс қалып отыр. Біз фермерлерге нарықта бар қауіпсіз баламаларды іздеу үстіндеміз. Өткен жылы алма бақтары мен қырыққабат, қызанақта алқаптарына сынақ жүргіздік. Нәтиже әртүрлі. Биологиялық қорғау әдістерін қолдану арқылы пестицидтерді 70%-ға дейін азайтуға болатынын атап өткім келеді», - деді Салтанат Баешова.

Сарапшы ескірген және жарамсыз пестицидтер Қазақстан ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті, деп жазады kazinform.

«Бүгінгі конференцияның маңызы зор. Себебі, бұл мәселені шешуіміз керек. Топырақтың ластануы ауыл шаруашылық өнімдеріне, ет пен сүтке түседі», - деді ол.

ФАО пестицидтерді басқару жөніндегі аға техникалық кеңесшісі Стефан Робинсонның сөзінше, ескірген пестицидттерді жою өте қиын.

«Әрине, миллиондаған гектар жерді тазарту соншалықты оңай шаруа емес. Сонымен қатар, мұндай пестицидтерді жағу өте қымбат әдіс. Сондықтан бүгінгі конференцияда біз әлемде бар және алдағы 10-15 жылда қазақстандық фермерлер қолдана алатын балама қолжетімді әдістерді талқылап жатырмыз», - деді Стефан Робинсон.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде