{metadescription}
Алматыда алаяқтықпен пайда көрмек болған мердігерге 900 млн теңгенің жұмысы жүктелді

Алматыда алаяқтықпен пайда көрмек болған мердігерге 900 млн теңгенің жұмысы жүктелді

Алматы қаласында сорғы станциясы бар су құбыры мен кәріз тарату желілерін салу жұмыстарының құнын көтермелеген мердігер өз есебінен 900 млн теңгеге қосымша жұмыстарды орындайтын болады.

Еске сала кетейік, оңтүстік мегаполистің Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы құны 9,1 млрд теңге болатын жобаны іске асыруда. Бұл қаражатты жобалаушы «ҚазақСантехпроект» ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы жасау кезінде құрылыс материалдарын тасымалдау және сатып алу шығындарының құнын арттыру жолымен ұрлау үшін алғышарттар жасаған.

Қаржылық мониторинг агенттігі тексерісінің нәтижесінде топырақ тасымалдау арақашықтығы жобада көзделгеннен 30 км жақын екендігі анықталды.

«Бұдан басқа, қолданылатын құрылысматериалының көлемі 1,5 мың тоннаға артық жобаланған.

Бағаны асыра көрсету фактісі анықталған кезде объектінің дайындығы 93% құрады, яғни 9,1 млрд теңгенің 8,4 млрд теңгесі игерілген.

Осыған байланысты, ҚМА бастамасы бойынша Алматы қаласының әкімдігі «СапаҚұрылыс 2007» ЖШС бас мердігеріне жобада көзделмеген жұмыстардың көлемін 900 млн теңгеге ұлғайтты (қосымша 500 абонент қосу, құдықтар орнату және т. б.)», — деп жазды ведомстводан.

Бұл жұмыс әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту процесіне қатысушылар тарапынан ұрлықтың алдын алуға және оларды қылмыстық және сот талқылауларының орбитасына тартудан қорғауға бағытталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде