{metadescription}
Жылыой ауданында 1866 отбасы бір реттік әлеуметтік көмек қаржысын алды

Жылыой ауданында 1866 отбасы бір реттік әлеуметтік көмек қаржысын алды

Атырау облысының Жылыой ауданындағы тасқын судан зардап шеккен 1866 бір реттік әлеуметтік көмек қаржысын алды.

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, бір реттік төлем алуға ниетті отбасылар көбейген. 

«Қазір Жылыой ауданындағы 3266 отбасынан бір жолғы төлем алуға өтініш түсті. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың өтінішін тәулік бойы қарап жатыр. Бүгінге дейін аталған аудандағы 1866 отбасына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 369 мың 200 теңгеден бір реттік әлеуметтік төлем берілді. Осыған байланысты төленген қаржының жалпы сомасы 688,9 млн теңгені құрады», - деді Азамат Мәмбетов. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде