{metadescription}
Павлодарда Мәңгілік алауды қиратқан күдікті ұсталды

Павлодарда Мәңгілік алауды қиратқан күдікті ұсталды

39 жастағы азамат мас күйінде Даңқ обелискіндегі бесжұлдызды гранит тасын сындырған.

Полиция вандализм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Облыс орталығындағы Мәңгілік алауды әлдебіреулердің зақымдап кеткеніне қала басшылығы назар аударып, полицияға вандалдарды тауып, жазаға тарту керектігін ескерткен, деп жазады kazinform.

Павлодарлық полицейлер арада бір апта өткенде Даңқ обелискісін бүлдірген күдіктіні анықтағанын хабарлады.

«Мәңгілік алауға зақым келтірген Павлодар қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Оқиға сәуірдің 10-ынан 11-іне қараған түні шамамен сағат 4-те болған. Ер адам мас күйде болған. Полиция вандализм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Заңнама бойынша вандализмге жол бергендерге 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу қарастырылған. Одан бөлек сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға 160 сағатқа дейінгі мерзімге тарту немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген.

Қаланың коммуналдық қызметтері Мәңгілік алаудың зақымдалған бөлігін бүгінде қалпына келтіріп қойды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде