{metadescription}
Астанада сегіз адам терроризм бабы бойынша сотталды

Астанада сегіз адам терроризм бабы бойынша сотталды

Сот үкімімен астананың 8 тұрғыны террористік қызметпен айналысқаны үшін 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Астана қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, террористік топтың қатысушылары Сирия аумағына қоныс аударуды және Қазақстанда басқарудың теократиялық жүйесін орнату қажеттілігін талқылаған.

Бұл топтың жетекшісі Сириядағы соғыс қимылдарын жүргізетін террористік ұйымды қаржыландыруды ұйымдастырған.

Мемлекеттік айыптаушымен сотталушылардың кінәсі дәлелденді.

«Астана қаласының прокуратурасы исламдағы радикалды идеяларды насихаттайтын интернет-сайттар мен орындарға барудан сақтануға шақырады», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде