{metadescription}
Атырау облысында жол апатынан бүлдіршін көз жұмды

Атырау облысында жол апатынан бүлдіршін көз жұмды

18 мамыр күні сағат 15. 25 шамасында Индер ауданы Бөдене ауылында ЖКО салдарынан бір оқушы қайтыс болды, деп хабарлайды Ақжайық.

Оқиға С. Датов көшесінде орын алған. 2008 жылы туған жасөспірім GS 200 маркалы мотоциклмен жаяу жүргінші 2016 жылы туған 1 сынып оқушысын қағып кеткен.

Салдарынан ауыр жарақат алған бала Индер аудандық ауруханасына жеткізу кезінде жолда көз жұмған.

Жасөспірімге бұдан бұрын наурыз айында мотокөлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін ӘҚТтК-нің 612, 593 баптарымен әкімшілік хаттама жасақталған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде