{metadescription}
Биржадағы алтын бағасы тарихи рекордты жаңартты

Биржадағы алтын бағасы тарихи рекордты жаңартты

Биржадағы соңғы ақпараттарға сүйенсек, Нью-Йорктегі Comex биржасындағы маусымдық алтын фьючерстерінің бағасы 35,2 долларға немесе 1,46%-ға өсіп, әр унциясы 2452,6 долларға дейін жетті. Ал шілдедегі күміс фьючерстері 3,5%-ға, әр унциясына — 32,352 долларға дейін артып отыр.

АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі күзде негізгі мөлшерлемені төмендетуі мүмкін деген болжам бар. Сәйкесінше, алтынның құны төмендемей, керісінше көтеріліп келеді.

CME Group мәліметінше, инвесторлардың шамамен 65%-ы биыл қыркүйек айында дисконттау мөлшерлемесінің төмендегенін күтіп отыр.

Дәстүр бойынша АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесіндегі ақша-несие саясатының әлсіреуі доллар бағасын ұстап, алтынның құнын сақтайтынын атап өткен жөн.

Сондықтан да, қалталылар ұйқысынан тұра сала биржаға назар аударады.

Сондай-ақ, инвесторлар осы сәрсенбіде Федрезервтің мамыр айындағы отырысының хаттамасы жарияланатынын күтеді.

Құжатта реттеушінің дисконттау мөлшерлемесін төмендету мерзімдері бойынша мүмкін болатын жоспарлары туралы ұсыныстар, кеңестер болуы мүмкін.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.