{metadescription}
Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты.

Бас прокуратураның дерегіне қарағанда, жергілікті әйел жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған. Осылайша ол салымшылардың 291 миллион теңгеден астам қаражатын қаржы пирамидасына тартты, олар криптовалютаға аударылған және «Платформа CP Group» платформасына есептелген.

«Сот үкімімен күдікті әйел кінәлі деп танылды және мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», — делінген хабарламада.

Көкшетау қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және қаскүнемдердің айласына түспеуге шақырады!

«Baiqa, piramida!» ботының жеделхаттары арқылы компанияны қаржылық пирамида белгілеріне тексеруге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.