{metadescription}
Мәжіліс адам саудасы мен вандализм туралы заң жобасын қабылдады

Мәжіліс адам саудасы мен вандализм туралы заң жобасын қабылдады

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Мәжіліс екінші оқылымда қабылдады. 

Адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттар талап еткендей, адам саудасына қарсы іс - қимыл туралы жеке заң болған жоқ, сондықтан оны әзірлеу халықаралық құқықты ескере отырып, заңнаманы жетілдіру қажеттілігіне байланысты болып отыр. Толығырақ Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Марат Башимов айтып берді.

Негізгі заң жобасында оның ұйымдық-құқықтық негіздерін айқындау көзделеді:

- адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органдарды, олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу, анықтамаларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;

- жаңа ұғымдарды, адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерін және олардың құзыреттерін енгізу, осы саладағы проблемаларды анықтау мақсатында тәуекелдерді бағалауды (деректерді жинау) енгізу.

«Заң жобасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған медициналық ұйымдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу және осындай істерді қарау жөніндегі уәкілетті органның құзыретін айқындау көзделеді», - дейді ол.

Жұмыс барысында депутаттар 100-ге жуық түзетулер енгізді. Депутаттар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шеңберінде өз еліне оралу бойынша адам саудасының шетелдік құрбандарына жәрдем көрсетуге қатысты түзетулер енгізді.

«Адам саудасы проблемасы көп қырлы, заң жобасында ұсынылған Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің екі мемлекеттік органының құзыреті аздық етеді, осы орайда ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында депутаттар басқа мемлекеттік органдардың нақты құзыреттерін де көздеуді ұсынады. Мұндай кешенді тәсіл мен бірлескен күш-жігер осы қылмыстардың санатын едәуір азайтуға және адам саудасына қарсы тұруға мүмкіндік береді. Бүгінде адам саудасының жаңа түрлері пайда болуда. Мысалы, саудагерлер әлеуметтік желілер арқылы жарнаманы өз мақсаттары үшін кедергісіз пайдаланып әрекет етеді. Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін басқа да нормативтік актілерге өзгерістер енгізіледі. Интернет арқылы жыныстық қызметтерді ұйымдастыруға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі», - дейді комитет мүшесі.

Оның айтуынша, «Адамды пайдалану» ұғымы мәжбүрлеу тәсілдерін кеңейту бөлігінде халықаралық конвенцияларға сәйкес келтіріледі.

Сондай-ақ, депутаттар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 15 наурыздағы Ұлттық құрылтай отырысында вандализм үшін жауапкершілікті қатаңдату және құқықтық тәртіпті күшейту туралы берген тапсырмасын орындауға бағытталған түзетулер енгізді. Заңды бұзушылар арасында «нөлдік төзімділік» қағидаты толық көлемде қамтамасыз етілмейді. Жекелеген азаматтар жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануы түрінде құқық бұзушылықтар жасағандықтан, өздерінің әдептілігі мен мәдениетсіздігін көрсетуді жалғастыруда.

«Осыған байланысты депутаттар вандализм көрсеткені үшін жазаны қатаңдатуға, ғимараттарды, жалпы пайдалану орындарын қорлауға және бөтеннің мүлкін жоюға бағытталған түзетулер енгізді. Мысалы, вандализм 294-бабы бойынша жаза өсті. Енді ол 100 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен немесе жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен, немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынумен жазаланады. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластағаны үшін айыппұл 2 есеге – 10 АЕК-ке, ал қайталанған кезде – 20 АЕК», - деп толықтырды М. Башимов.

Сондай-ақ, ол аталған заң жобасының қылмыстық құқық бұзушылықтарды неғұрлым тиімді анықтауға ықпал ететіндігін айтты.

«Адам саудасының алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыстарды күшейтеді. Адам құқықтарын қорғау жөніндегі одан әрі шараларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қоғам мәдениетін қалыптастыруға және тарих, мәдениет, табиғи объектілер мен бөтен мүлік ескерткіштеріне ұқыпты қарауға ықпал етеді деп сенеміз», - деді Марат Башимов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.