{metadescription}
Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, бірқатар өнер адамы марапатталды.

Суретшілер, дизайнерлер, музей мамандары, кітапханашылар, хореографтар, акробаттар, солистер және шығармашылық топтардың мүшелері мен әр түрлі жанрдағы артистер мәдениет және өнер саласының дамуына қосқан үлестері үшін марапаттарға ие болды.

40-қа жуық маман «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, сондай-ақ Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталды.

«Сіздердің ел үшін жасап жүрген еңбектеріңіз ерекше құрметке ие. Мемлекетіміздің, оның ішінде Алматы қаласының мәдениеті мен өнерін дамытуға, халқымыздың бай мәдени мұрасын насихаттауға өлшеусіз үлес қосып, өздеріңізге жүктелген міндеттерді үлкен абыроймен атқарып келесіздер.Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор алғыс айта отырып, алдағы уақытта да ұлттық мәдениетімізді әлемге танытуға бағытталған жаңа жарқцн жобаларды жүзеге асырасыздар деп кәміл сенемін», – деді марапаттау рәсімінде қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.

Марапатталған мамандардың тізімі Алматы қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.