{metadescription}
Маңғыстауда балабақшадан 30 миллион теңге ұрлаған бухгалтер сотталды

Маңғыстауда балабақшадан 30 миллион теңге ұрлаған бухгалтер сотталды

Қылмыстық дерек Жаңаөзен қаласында тіркелген.

Прокуратура екі бірдей мемлекеттік балабақшаның бюджетінен қаражат ұрлау фактісін анықтады. Тексерулердің нәтижесінде екі балабақшадан қаражат жымқырған бір бухгалтер болып шықты. Ол өзінің жеке шотына жалпы сомасы - 30 миллион теңгені заңсыз аударған.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, бухгалтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен, оған шартты түрде 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал, 30 миллион теңге көлеміндегі қаражат мемлекетке толық көлемде қайтарылды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде