{metadescription}
Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана жабылды

Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана жабылды

Ақтөбеде табиғатты қорғау прокурорлары бірқатар ветеринариялық зертханаларда заң бұзушылықтар барын анықтады.

Бұл туралы Ақтөбе облысының прокуратурасы мәлім етті. Ақтөбе облысында табиғат қорғау прокуратурасы шараларымен анықталған заң бұзушылықтар бойынша ветеринариялық зертхананың қызметі тоқтатылды.

«Тексеру барысында ветеринариялық-санитариялық ереже талаптарының бұзылғаны, үй-жайларды желдету, сумен жабдықтау, жылу жүйелері, сараптаманың әртүрлі түрлерін жүргізуге арналған жеке үй-жайлардың, сойылған жануарларды қарап-тексеру және ветеринариялық сараптаманы есепке алу журналдарының жоқтығы анықталды», — делінген хабарламада.

Кейбір зертханаларда етті тексеруге арналған құрал-жабдықтар мен химиялық реагенттер болмаған. Сонымен қатар, Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана анықталды.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 1 зертхананың қызметі тоқтатылды, 4 зертхана 370 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде