«Astana Exchange» криптокомпаниясы алаяқ деп танылды
Астана халықаралық қаржы орталығы тіркелмеген және лицензия алмаған «Astana Exchange» компаниясына қатысты ескерту жариялады.
Фото: freepik.com
16:04 27.05.2024
«АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) жұртшылыққа өзін «Astana Exchange» деп атайтын және криптовалюта айырбастау қызметтерін ұсынатын компанияның алаяқ екенін ескертеді. Бұл компания қаржылық қызметтерді көрсету үшін жалған лицензияны пайдаланады. Жүргізілген талдау нәтижесінде AFSA аталған ұйымның АХҚО-да тіркелмегенін және қаржылық қызметтер көрсетуге жарамды лицензиясы жоқ екенін анықтады. Осылайша, оның қызметі АХҚО актілерінің нормаларына қайшы», - делінген хабарламада.
Осы орайда Астана халықаралық қаржы орталығы лицензия алған және тіркелген компаниялар тізімін тексеруге шақырады.
«Бұл кез келген қаржылық қызметті немесе өнімдерді пайдаланбас бұрын компанияның лицензиясының барына көз жеткізу үшін маңызды», - дейді ведомстводан.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!