{metadescription}
Түрікменстан – Қазақстан үшін өте жақын бауырлас ел және маңызды стратегиялық әріптес

Түрікменстан – Қазақстан үшін өте жақын бауырлас ел және маңызды стратегиялық әріптес

Түрікменстан – Қазақстан үшін өте жақын бауырлас ел және маңызды стратегиялық әріптес.

Бұл туралы бүгін Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен келіссөздерден кейін бірлескен мәлімдеме жасаған Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты.

«Ең алдымен, Түрікменстанның Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары — Сыртқы істер министрі, Құрметті Рашид Овезгельдыевич Мередов мырзаға менің шақыруымды қабыл алғаны үшін шынайы алғысымды білдіремін. Астана төрінде түрікмен бауырларымызды құшақ жая қарсы алып, Қазақ еліне қош келдіңіздер дегім келеді. Біз бұл сапарға ерекше мән береміз. Түрікменстан — Қазақстан үшін өте жақын бауырлас ел және маңызды стратегиялық әріптес. Руханияты, тілі мен дәстүрі ұқсас, тағдыры біте қайнасқан, тату көрші әрі айнымас дос елдеріміздің тілегі мен ықыласы ортақ, арманы бір», — деді ол.

Сонымен қатар вице-премьер қазақ пен түрікмен халқының көне заманнан жалғасып келе жатқан түп-тамырлары екі елді елдестіретін мызғымас фактор екендігін баса айтты. 

«Барлық шекаралық мәселелердің толық құқықтық реттелуі жемісті ынтымақтастығымыздың жарқын үлгісі. Сонымен бірге, Қазақстан және Түрікменстан — Каспийдегі теңіз шекаралық мәселелерді реттеген алғашқы мемлекеттер. Мемлекет басшыларымыз орнатқан сындарлы саяси диалогтың арқасында қазақ-түрікмен ықпалдастығы қарыштап дамуда. Биылғы жылы да қол жеткізілген динамиканы сақтау үшін тиісті сапарлар мен іс-шараларды ұйымдастыруға келістік. Үкімет және парламент деңгейіндегі тұрақты және берік байланыстар ұдайы нығайып келеді. Осы тұрғыда қадірлі досымның Қазақстанға ресми сапары сан қырлы ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдете түсуге қомақты үлес қосатынына кәміл сенемін», — деді Мұрат Нұртілеу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде