{metadescription}
Жетісу облысында жыл басынан бері есірткіге қатысты 65 қылмыс анықталды

Жетісу облысында жыл басынан бері есірткіге қатысты 65 қылмыс анықталды

Қатарында есірткіні сату, сақтау, насихаттау фактілері бар.

Есірткіні сатуда азамат «OLX» бағдарламасын қолданған. Курьерлік қызмет ұсыныстары деген желеумен жастарды жұмысқа алған. Дәл осындай қылмыс Telegram желісінде де анықталып, жасырын есірткі сатумен айналысатын 56 чат жойылған. Жүргізілген жұмыстарға сәйкес, 34 келіден артық есірткі түрлері тәркіленді, деп жазады kazinform.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Текелі қаласы, Веселая поляна көшесі, № 44 үй мекен-жайындағы есірткі зертханасының орналасқан жері анықталды. Онда Оңтүстік-Қазақстан облысының тұрғындары өңірге келіп синтетикалық есірткі өндірген.Ұсталғандардың айтуы бойынша «Telegram» қосымшасынан сілтеме тауып, ол бойынша хат жазысып жүргенін, оның барысында белгісіз адамнан 1 килограмм дайын өнім үшін 1 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы үшін «мефедрон» есірткі затын дайындау және сату жөнінде нұсқама алғаны анықталды», - деді Жетісу облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасынының басшысы Мадияр Омаров.

Сондай-ақ, қоғамдық орындарда психотроптық препарат қолданған 4 азамат ұсталған.

Жалпы, өңірде кәмелетке толмағандарды есірткінің заңсыз айналымына тартудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Ол үшін басқарма студенттермен профилактикалық кездесулер ұйымдастырады. Мәселен, соңғы 5 айда жалпы білім беру, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында 346 дәріс өткізіліпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде