{metadescription}
Мемлекет басшысы шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады

Мемлекет басшысы шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Гандинагар қаласында өткен халықаралық жарыста әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады. 

«Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану — зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін», — делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, кеше Қазыбек Нөгербек 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпиолны атанған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.