{metadescription}
Колледж түлектерінің білімі жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келе бермейді – Бектенов

Колледж түлектерінің білімі жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келе бермейді – Бектенов

Жаңа өндірістерді ашу кезінде білікті жұмысшылардың жетіспейтінін көріп отырмыз.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов мәлім етті.

«Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Бұл жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және заманауи имиджін қалыптастыру жолында маңызды қадам болмақ. Президент өз Жолдауында атап өткендей, кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты іс жүзіне асуға тиіс. Сондықтан еңбек нарығының, бизнестің және білім алушы жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескеретін жүйелі шаралар кешенін әзірлеу керек. Бұл ретте қазіргі заманның сын-қатерлерін ескере отырып, білікті кадрлар даярлау – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы болып қала бермек. Әдетте, көптеген елдерде алғашқы жұмысшы мамандығын жалпыға қолжетімді әрі ақысыз негізде алуға болады. Мұндай түлектерге еңбек нарығында сұраныс та жоғары», - деді Олжас Бектенов. 

Оның пайымынша, еліміздегі колледж түлектерінің білімі мен дағдылар деңгейі көбінесе жұмыс берушілердің талаптарына, жастардың өз сұраныстарына сәйкес келе бермейді.

«Жаңа өндірістерді ашу кезінде білікті жұмысшылардың жетіспейтінін көріп отырмыз. Ал, жастар болса, колледждерде оқуға құлықсыз. Соңғы жылдары кәсіптік техникалық білім беру жүйесін дамытуда бірқатар прогрессивті қадамдар жасалды. Қазір колледждер жұмысшы мамандықтары бойынша тегін оқытады. 3 жыл ішінде кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі айтарлықтай ұлғайды. Егер бұған дейін колледждерге бюджет есебінен жыл сайын 93 мыңға жуық студент қабылданып келсе, биыл олардың саны 142,5 мыңға дейін жетті», - деді Үкімет басшысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде