{metadescription}
Мемлекеттік кеңесші өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Мемлекеттік кеңесші өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті. Бұл турала Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Зиялы қауым өкілдерінен құралған комиссия мүшелері әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне өткен 21 жұмысты қарады», — делінген хабарламада.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева екінші кезеңге өткен шығармалардың қоғамда талқылану барысы туралы баяндама жасады.

Комиссия мүшелері жасырын дауыс беру арқылы 2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаттығына үміткерлерді анықтады. Олар Мемлекет басшысының қарауына ұсынылады.

Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау Республика күні қарсаңында өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде