{metadescription}
Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновқа қазақ тілінде үндеу жолдады

Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновқа қазақ тілінде үндеу жолдады

Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновқа қазақ тілінде үндеу жолдады.

– Шавкат, жекпе-жекті қабылдамауыңа болса да, оған шықтың, титулдық жекпе-жекке тәуекел еттің. Саған, талантыңа деген құрметтен басқа ештеңем жоқ. Құттықтаймын және тағы да кездесетін сәтімізді асыға күтемін – екеуміз де кімнің қауіптірек жауынгер екенін білеміз, - деп жазды Гэрри Instagram парақшасында қазақ және ағылшын тілдерінде.

Еске сала кетсек, кеше қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Гэрримен жекпе-жекке шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласынан басым түсті.

«Номад» мансабында алғаш рет қарсыласын мерзімінен бұрын жеңе алмады. Бұдан бұрын UFC-дің YouTube арнасында қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) арасында өтетін жекпе-жекке арналған фильм жарық көрді. 

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде