Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда автобустағы оқушы қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Алматы Полиция департаменті қаладағы автобуста мектеп оқушысына шабуыл жасаған егде жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Фото: istockphoto.com
16:58 09.12.2024
Ведомство бұл іс бойынша тергеу басталғанын атап өтті.
"Аталған факт бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Құқықбұзушының жеке басы анықталып, ол ұсталды. Фигуранттың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін желіде автобустағы егде жастағы жолаушының мектеп оқушысына шабуыл жасағаны түсірілген видео жарияланған еді. Қыздың айтуынша, оқиға ер адамның оқушының аяғынан теуіп оятудан басталған. Кейін ер адам сөзбен тиісіп, соңында оның бетіне соққы жасап, көзілдірігін жұлып алып, сындырып тастаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram