Жомарт кенішіндегі қайғылы оқиға: Әкімдік қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетеді
Ұлытау облысының әкімдігі кен орнында қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті қолдаудың барлығын көрсетеді.
Фото: Kazinform
09:40 18.02.2025
Қайғылы оқиғаға байланысты өңір басшысы Дастан Рыспеков көңіл айтты
— Қайғылы оқиға баршамыздың жүрегімізге ауыр тиді. Бұл жағдай — бірнеше отбасы үшін орны толмайтын қаза. Қайтыс болған кеншілердің туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл қасірет баршамыз үшін оңайға соққан жоқ. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету үшін барлық тиісті шара қабылданады, — делінген көңіл айту жеделхатында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!