{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Елден ерек 2 маусым 62 эпизод

Астарлы ақиқат - Елден ерек 2 маусым 62 эпизод

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Талант – табиғаттан. Ал нәтиже – үлкен еңбектің арқасында ғана келеді. Бүгінгі бағдарлама ерекше қасиетімен елден ерек көрінген жандарға арналып отыр. Оларды біреулер уникум дейді, екіншілер жасағанын  жынойнаққа балайды. Бірақ сіздер көргендеріңізді үйде қайталаушы болмаңыздар! Өйткені бұл Сіздің өміріңізге қауіпті.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

20 шілде

Қазір эфирде