{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Біз де хит болғанбыз-3 2 маусым 136 эпизод

Астарлы ақиқат - Біз де хит болғанбыз-3 2 маусым 136 эпизод

26.12.2019

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Әр жылдың өзіне тән естеліктері бар. Ал сіз үшін, сонау 2000-шы жыл немен есте қалды? Мәселенки, ол жылы еліміздің бірқатар спортшылары Сидней Олимпиадасының чемпионы атанса, халық әртісі Роза Рымбаева кенжесін дүниеге әкелген. Тіпті 2000-шы жылы, сәуегейлер «ақыр заман орын алады» деп елді дүрліктіріп жіберген-ді. Бәрін айт та бірін айт демекші, 2000-шы жылдың жұлдызды жаңалығы - ол біздің «АЛЛДАВАЙ» деген топпен танысуымыз!

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде