{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Байланыс

+77478105456; +77273103439
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Астарлы ақиқат - Қызым қайда? 2 маусым 14 эпизод

30.01.2019

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. 

Бұл мәселеде:

Тараз қаласының тумасы, қазір Алматылық 48 жастағы Жанат Абдрасилова өзінің 28 жыл бұрын жоғалып кеткен қызын іздейді. Ол 1991 жылы оң босағада отырып босанады. Ал келіншектің анасы баланың көзін құртпақ болып, нәрестені Жанаттың нағашыларына анасынан тығып беріп жібереді. Сол күннен бері, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылған ана 28 жыл бойы қызын іздеумен келеді. Нағашылары да қызды басқа біреулер асырап алғанын айтып жүр. «Баламды қайда жібердіңдер?» деп туыстарын кінәләйтін анаға «Астарлы ақиқат» бағдарламасы да көмектеспек. Кім? Қандай? Шындықты жасырып жүр анықтап көруге тырысамыз.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.