Астарлы ақиқат
Байланыс
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Екінші көктем 2 маусым 16 эпизод
04.02.2019
Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00
Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр.
Бұл мәселеде:
Жасымыз 50-ге толғаннан кейін не істеген орынды? Аға-әпкелеріміздің көбі осы жасқа келгеннен кейін бірден қарттылыққа дайындала бастайды. Қоғамда 50 жастан асқан адамдарды көп дүниеден шектейді. Бұл қаншалықты дұрыс? Қарттардың көбі, 50 ден кейін нағыз өмір басталады дейді. Ол қалайша? Астарын ақтарайық. Махаббат мезгілге бағынбайды! Бұған көз жеткізу үшін «Астарлы ақиқат» жас ұлғайғанда серігін тапқандар мен 60 жыл отасқандар, сексенінде серілік құрған жандарды анықтамақ.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Үрей тудырған салық
Өткен аптада қазақстандық блогерлердің кіріс комитетіне 53,3 миллиард теңге көлемінде салық берешегі бар деген ақпарат ...
Сіз кімсіз, Еспанов?
Бағдарламаның бүгінгі кейіпкері бір басына бірнеше өнер тоғысқан талантты жан. Ол – кезінде вокалдық байқауларда ...
Шарасыз жар
Біз бүгін шарасыз күйге тап болған бүтін бір отбасын мазалаған мәселені дер кезінде қолға алмасақ, ...
Ене, мен жынды емеспін
2 баламен далада қалдым. Осылай деп Рабиға Дарханқызы редакциямыздан көмек сұрап хабарласты. Айтуынша күйеуі несиеге ...
Өмір сүргім келеді
Елімізде 4 мыңнан аса адам донорлық ағзаға кезекте тұр. Бір ғана мәйттік донор кем дегенде ...
Ұлтым басқа, жүрегім қазақ
Ұлты өзге болса да, қазақ тілін үйреніп, әлеуметтік желіде оқырманды таң қалдырған жан аз емес. ...
Келіншегімнен күдіктенемін
Келіншегім көзіме шөп салды! Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының тұрғыны Мақсат Қонысбаев төрт перзентімнің бірін мойындамаймын ...
Жақынымды жоғалттым
Айдың – күннің аманында туғанынан көз жазып қалды. Бағытынан жаңылып, жақынынан жырақтап кеткендердің туған - ...
Адастым ба, білмеймін...
Олар кезінде хит әндерді шырқап, халықтың ыстық ықыласына бөленді, сауық-кештерге сұраныс артып, ауқымды аудиторияның алдында ...