{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Байланыс

+77478105456; +77273103439
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Астарлы ақиқат - Ақша мен ағза 2 маусым 17 эпизод

05.02.2019

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. 

Бұл мәселеде:

Елімізде 3000-нан астам адамға донор қажет. Ал донор мәселесі біздің елде қаншалықты шешілген? Қандай қиындықтар бар? Ал Алматылық тұрғын Серік Кенжебеков өзінің бір бүйрегін 50 000 долларға сатамын дейді. Денсаулығы да жақсы. Жыл сайын медбақылаудан өтеді. Оның арманы қалталы азамат болу, жұмыс жасау. Бірақ жұмысқа тұрайын десе көбі «жетімдер үйінен екенін білгеннен соң барлығы үнсіз қалады» дейді. Білімі де 11-класстықпен тоқтап қалған. Бүйрегімді сатсам, пәтер аламын, жұмысқа тұрамын деген мақсаты бар. Ал, 31 жасар Ғалия Бөлекбаева 2013 жылдан бастап ауырады. Іріңдеп кеткен бір бүйрегін сол жылдары алып тастаған. Кейінірек екінші бүйрегі істен шыққан. Содан бері диализбен жүр. Бар үміті –донорда. Тез донор таппаса, жүрегі, т.б органдарына зиян келіп жатыр. Осы орайда «Астарлы ақиқат» ақша қымбат па әлде ағза қымбат па? Осының мән-жайын анықтап көрмек.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде