Астарлы ақиқат
Байланыс
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астарлы ақиқат - Қыз талас-3
05.10.2023
Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00
Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр.
Бұл мәселеде:
Қор болған қыз тағдыры. Ойда жоқта ата-анасынан айрылған бұрымды қыздың бүгінгі мәселесі студияда талқылануда. Балқаш ауданынан ағасының жауапсыздығын жайып салып Ақсәуле Елікбайқызы келіп отыр. Сөзіне сенсек, заңды қамқоршысы Алмабек пен Жазира титтей қыздың тірі өмірін тозаққа айналдырған. Тегі бір болса да, тоқпақтады деген Алмабектің өзі аталған айыптың орынсыз екенін айтуда. Керісінше Ақниетке қызымдай қамқормын, інімнің дүниесіне таласқан мен емес деп міз бақпауда.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Үрей тудырған салық
Өткен аптада қазақстандық блогерлердің кіріс комитетіне 53,3 миллиард теңге көлемінде салық берешегі бар деген ақпарат ...
Сіз кімсіз, Еспанов?
Бағдарламаның бүгінгі кейіпкері бір басына бірнеше өнер тоғысқан талантты жан. Ол – кезінде вокалдық байқауларда ...
Шарасыз жар
Біз бүгін шарасыз күйге тап болған бүтін бір отбасын мазалаған мәселені дер кезінде қолға алмасақ, ...
Ене, мен жынды емеспін
2 баламен далада қалдым. Осылай деп Рабиға Дарханқызы редакциямыздан көмек сұрап хабарласты. Айтуынша күйеуі несиеге ...
Өмір сүргім келеді
Елімізде 4 мыңнан аса адам донорлық ағзаға кезекте тұр. Бір ғана мәйттік донор кем дегенде ...
Ұлтым басқа, жүрегім қазақ
Ұлты өзге болса да, қазақ тілін үйреніп, әлеуметтік желіде оқырманды таң қалдырған жан аз емес. ...
Келіншегімнен күдіктенемін
Келіншегім көзіме шөп салды! Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының тұрғыны Мақсат Қонысбаев төрт перзентімнің бірін мойындамаймын ...
Жақынымды жоғалттым
Айдың – күннің аманында туғанынан көз жазып қалды. Бағытынан жаңылып, жақынынан жырақтап кеткендердің туған - ...
Адастым ба, білмеймін...
Олар кезінде хит әндерді шырқап, халықтың ыстық ықыласына бөленді, сауық-кештерге сұраныс артып, ауқымды аудиторияның алдында ...
Қосымша шығарылымдарды көрсету