Мақалалар
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мақалалар - Балалардың қысқы кездегі қауіпсіздік 11 ережелері
19.01.2019
КТК сайтында мақалалар айдары бар. Бұнда отандастарымызға арналған пайдалы ақпарат, сапапшылар пікірі, ақыл-кеңес, қазақтың салт-дәстүрі, атақты адамдардың жүрекжарды әңгімесі, таным, пайым дүниелер, ас әзірлеудің қарапайым амалы мен сізге арналған жұлдыз-жорамалды табасыз. Әр мақаладан өзіңізге түртіп аларлық пайдалы ақпар аласыз. Сіздің қажеттілігіңізді қанағаттандыратын, қосымша біліммен суалтатын дүниеден құр қалмаңыз. КТК арнасының әлеуметтік желілердегі парақшаларында сұрақ қойып, талап-тілегіңізді жазыңыз, бәрі ескеріледі. Бізге әр адамның пікірі маңызды.
Бұл мәселеде:
Қыста балалардың барлығы дерлік шана тебуді, төбешіктен сырғанағанды, қар лақтырып ойнағанды және аққала жасағанды жақсы көреді. Алайда, балалардың қуанышын жарақаттар басуы мүмкін. Жағымсыз салдардан қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтаған жөн.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары балалардың қысқы кездегі қауіпсіздік ережелері туралы:
- Баланы қалың киіндірмеңіз! Жеңіл де киіндірмеңіз! Киімнің қимылдауға кедергі келтірмеуі, ыңғайлы, жеңіл және жылы болуы тиіс.
- Қысқы аяқ киім ыңғайлы болуы, оның табаны таймауы қажет, сол кезде бала қар мен мұздың үстінде аз сырғанайтын болады. Бала қолғаптарын жоғалтпауы үшін оларға резеңке тағып қойыңыз.
- Барлық мүмкін болатын қауіпті жағдайлардың алдын алыңыз. Шаңғыны саябақтарда, қаланың сыртында, қаланың автокөлік жүрмейтін жерлерінде тебу керек.
- Конькимен арнайы жабдықталған орындарда сырғанау керек. Құлап қалу мүмкін болғандықтан, балаға тығыз киім кигізіңіз. Қажет жағдайда ұстап қалу және құлатып алмау үшін баланың жанында болыңыз.
- Шананың сынған жерлерінің болмауын тексеріңіз. Төбешіктен шанамен емес, ледянкамен сырғанаған дұрыс.
- Көлік өтетін жерге қарай сырғанамау керек, кішкентай балаларды кішкентай, аласа қарлы төбешіктерден, адамдар аз жүретін және ағаштар өспейтін, дуалдар және басқа да кедергілер болмайтын жерлерде сырғанатқан жөн. Баланың шанада ішімен жатып сырғанауына рұқсат етпеңіз, ол тісін сындырып немесе басын соғып алуы мүмкін.
- Балаларға жолға жақын ойнауына рұқсат етпеңіз. Биік жерлерден қарға секіруге рұқсат бермеңіз. Қардың астында сынған бөтелкелер, тастар, қоқыс және т.б. болуы мүмкін.
- Балаларға қарды, мұз кесектерін ауызға алуға болмайтынын түсіндіріңіз: оларда ауру тудыратын көзге көрінбейтін кірдің және микробтардың болуы мүмкін.
- Балаларға мұз басқан тротуармен бүкіл табанмен басып, кішкентай қадамдармен жүруге үйретіңіз. Мүмкіндігінше, тайғақ жерлерді айналып өтуге тырысыңыз.
- Қыста әсіресе жолды абайлап өткен дұрыс – тайғақ жолда машина тез тоқтай алмауы мүмкін.
- Аязды күндері балалармен бірге серуендеуді азайтыңыз немесе мүлдем тоқтатыңыз, өйткені үсіп қалу қаупі жоғары болады.
Балаларды қауіпсіздік ережелерін үйрету олардың көптеген қауіпті жағдайлардан аулақ болуына көмектеседі.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
2025 жылдың қаңтар айына арналған астрологиялық болжам
Жылан жылының бірінші айы — қаңтарда сізді не күтіп тұр? Жұлдыздар қандай ақыл-кеңес береді? Қандай ...
Елімізде жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр
Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күрес — мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі. Жемқорлықтың экономикалық, әлеуметтік және саяси ...
Статистика: Қазақстан. Демография. Ахуал
Қазақстанның демографиялық жағдайы соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, елдің халық саны, құрылымы және көші-қон үрдістері ...
Қазақстанның әлемде алатын орны
Қазақстанның әлемдегі орны бірнеше маңызды факторларға байланысты қалыптасады, оның ішінде географиялық орналасуы, экономикасы, сыртқы саясаты, ...
Әлем: 2025 жылға сарапшылардың жасаған болжамдары
2025 жылға әлемде сарапшылар жасаған болжамдар әртүрлі салада, оның ішінде экономика, технология, экология, саясат және ...
2024 ЖЫЛ. ӘЛЕМ. ОҚИҒАЛАР
Дүниежүзінде жыл сайын, ай сайын, тіпті күн сайын қандай да бір салада таңғажайып жаңалық ашылып ...
2024 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ БОЛҒАН БАСТЫ ОҚИҒАЛАР
2024 жыл қазақстандықтардың есінде несімен есте қалады? «Майқайың-алтын» кенішіндегі автобус апаты. Алматыдағы жер сілкісінісі. Бұрынғы ...
КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»
«Дау-дамайсыз» бағдарламасы, міне, осымен сегізінші жыл еліміздегі қарапайым қарашаның басына түскен әлеуметтік бар түйткілін шешіп келеді. ...
«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ
«Астарлы ақиқат» ток-шоуы сергелдеңге түскен жанның күрмеуі қиын мәселесін талқылаудан жалыққан емес. Талай жылаған жанды ...
Қосымша шығарылымдарды көрсету