Мақалалар
Мақалалар - Ресепшн: Күмәнің болса, қолдануға асықпа
16.05.2019
КТК сайтында мақалалар айдары бар. Бұнда отандастарымызға арналған пайдалы ақпарат, сапапшылар пікірі, ақыл-кеңес, қазақтың салт-дәстүрі, атақты адамдардың жүрекжарды әңгімесі, таным, пайым дүниелер, ас әзірлеудің қарапайым амалы мен сізге арналған жұлдыз-жорамалды табасыз. Әр мақаладан өзіңізге түртіп аларлық пайдалы ақпар аласыз. Сіздің қажеттілігіңізді қанағаттандыратын, қосымша біліммен суалтатын дүниеден құр қалмаңыз. КТК арнасының әлеуметтік желілердегі парақшаларында сұрақ қойып, талап-тілегіңізді жазыңыз, бәрі ескеріледі. Бізге әр адамның пікірі маңызды.
Бұл мәселеде:
Саяхатқа шыққанда маған мықты қызмет көрсетеді деп дәмеленбе. Өйткені кейбір қонақ үйдің ресепшні бірқатар нәрсені жасырып қалуы мүмкін. Сондықтан, күмәндансаңыз, бас тартуға тұрарлық бірқатар дүние бар. Соны ескертсек...
Есіктегі қарауға арналған тесік
Бұл қонақ үйдегі ең қауіпті нәрсе десек, ешкім сенбейтін шығар. Бұл тесікке бақылау камерасы орнатылуы әбден мүмкін. Сондықтан есіктегі тесікте күдік тудыратын өзге заттың болмауын тексеріп алғаныңыз жөн. Тапсаңыз, басқа бөлме сұрауға тура келеді.
Теледидар пульті
Зерттеушілердің айтуынша, теледидар пульті – қонақ үйдегі ең лас заттың бірі. Статистика бойынша, тіпті ең мықты деген отельдердің қызметшілері аталмыш пультті сүртіп тазаламайды екен. Жалпы, демалысқа шыққанда теледидар қарағаннан гөрі, таза ауада демалған жөн.
Бөлмедегі сүлгілер
Үнемі назарда ұстайтын нәрсе. Үлкен үлпілдеген сүлгімен сүртінбеуге тырысыңыз. Ол шомылған соң аяқтың астына жаюға арналған. Кішкене сүлгілерге де сенім жоқ. Өз сүлгіңізді пайдаланғанға не жетсін!
Матрастар мен көрпелер
Бірнеше жұлдызды қонақ үйлер де төсек жабдықтарының мұнтаздай болып жуылғанына кепіл бере алмайды. Ал көрпе мен матрас небір аурудың ошағы болуы әбден мүмкін. Оның үстіне жаймасыз, жалаңаш жатпаңыз. Жастықтың тысы да солай.
Чемодандарға аналған қойғыш
Қазір бұған сену қиын, дегенмен чемодан қойғышта қандала толып жүруі мүмкін. Жүгіңізді одан гөрі таза кафельге қойған дұрыс. Әрине, чемоданыңыз таза болса.
Бассейн
Қонақ үйдің бассейніне шомылуға асықпаңыз. Онда сізге дейін кім түсті, таза адам ба, денсаулығы қалай? Теңізге шомылуға келсеңіз, онда жағалауға барыңыз. Ол жерде инфекциялық ауру жұқтырам деп қорқуға себеп әлдеқайда аз.
Тегін интернет
Егер қонақ үйде барлығына қолайлы тегін Wi-Fi болса, оны қолданбағаныңыз жөн. Бұл басқа да қоғамдық қосылуға тиесілі. Өйткені оған сенуге болмайды. Бұл қарапайым желілік тәртіп өзіңіз туралы мағлұмат пен қаржыңызды сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Танымал брендтердің қаншасы қазаққа тиесілі?
Жер үйді құлпыртып жіберетін 15 идея
Ауызашар беруге жағдайым келмесе, қайтемін?
Біздің көпұлтты тату отбасымыздан қонақ үзілмейді
Жөндеу жұмыстары: Үйдегі ұсақ-түйек олқылықты қалпына келтірейік
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
2025 жылдың қаңтар айына арналған астрологиялық болжам
Жылан жылының бірінші айы — қаңтарда сізді не күтіп тұр? Жұлдыздар қандай ақыл-кеңес береді? Қандай ...
Елімізде жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр
Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күрес — мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі. Жемқорлықтың экономикалық, әлеуметтік және саяси ...
Статистика: Қазақстан. Демография. Ахуал
Қазақстанның демографиялық жағдайы соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, елдің халық саны, құрылымы және көші-қон үрдістері ...
Қазақстанның әлемде алатын орны
Қазақстанның әлемдегі орны бірнеше маңызды факторларға байланысты қалыптасады, оның ішінде географиялық орналасуы, экономикасы, сыртқы саясаты, ...
Әлем: 2025 жылға сарапшылардың жасаған болжамдары
2025 жылға әлемде сарапшылар жасаған болжамдар әртүрлі салада, оның ішінде экономика, технология, экология, саясат және ...
2024 ЖЫЛ. ӘЛЕМ. ОҚИҒАЛАР
Дүниежүзінде жыл сайын, ай сайын, тіпті күн сайын қандай да бір салада таңғажайып жаңалық ашылып ...
2024 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ БОЛҒАН БАСТЫ ОҚИҒАЛАР
2024 жыл қазақстандықтардың есінде несімен есте қалады? «Майқайың-алтын» кенішіндегі автобус апаты. Алматыдағы жер сілкісінісі. Бұрынғы ...
КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»
«Дау-дамайсыз» бағдарламасы, міне, осымен сегізінші жыл еліміздегі қарапайым қарашаның басына түскен әлеуметтік бар түйткілін шешіп келеді. ...
«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ
«Астарлы ақиқат» ток-шоуы сергелдеңге түскен жанның күрмеуі қиын мәселесін талқылаудан жалыққан емес. Талай жылаған жанды ...