{metadescription}

Мақалалар

Файл не найденx0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Мақалалар - Қайрат Нұртас: Алматы маған үлкен сабақ берді

05.09.2019

КТК сайтында мақалалар айдары бар. Бұнда отандастарымызға арналған пайдалы ақпарат, сапапшылар пікірі, ақыл-кеңес, қазақтың салт-дәстүрі, атақты адамдардың жүрекжарды әңгімесі, таным, пайым дүниелер, ас әзірлеудің қарапайым амалы мен сізге арналған жұлдыз-жорамалды табасыз. Әр мақаладан өзіңізге түртіп аларлық пайдалы ақпар аласыз. Сіздің қажеттілігіңізді қанағаттандыратын, қосымша біліммен суалтатын дүниеден құр қалмаңыз. КТК арнасының әлеуметтік желілердегі парақшаларында сұрақ қойып, талап-тілегіңізді жазыңыз, бәрі ескеріледі. Бізге әр адамның пікірі маңызды. 

Бұл мәселеде:

Әр билетінен түскен қаражаты Арыстағы балалар үйін қалпына келтіруге жұмсалатын «Алматы – іңкәрім менің» ретро-фестивалін КТК арнасы эфирге желтоқсан айына жоспарлап отыр.  

Өнер көрсететін отандық жұлдыздардың ішінде әнімен әр шараны мерекеге айналдыра білетін Қайрат Нұртас «Алматы – іңкәрім менің» сағыныш фестиваліне мұқият дайындалды. 

«Алматы – іңкәрім менің» деп тегін атамаған болар. Бұл Алматы қаласына деген іңкәр көңілі бар, шаттық нұрын сепкен, бақыт гүлін еккен дегендей, еліміздің ең үздіктерін Алатаудың бөктеріне жинаған, қайталанбас  керемет фестивальге іңкәр көңілім шексіз", - дейді Қайрат Нұртас.

"Алматының өз өмірімде алар орны өте ерекше. Алматы қаласы маған талмас қанат пен таусылмас шабыт берді. Алматы мені сынбас төзімділікке үйретті",- дейді ол.  

"Алматы маған сабақ та берді. Қандай? Қазағымның талғамы мен сұранысы өте жоғары деңгейде болғанын ұқтырып, әр-түрлі бағыттағы жолды бір  жол торабында ұстауды үйретті", - деп ағынан жарылды әнші.

"Алматы мен үшін Швейцарияның таулары мен Париждің романтикасы, Лондонның жауыны, Нью-Йорктің менталитеті, Мәскеудің кептелісі, Дубайдың қызығы, қысқаша айтқанда, барлық дүниежүзілік керемет қалалардың ерекшелігімен ұштасқан қала", - деген Қайрат ән мерекесін эфирден тамашалауға шақырады. 

Айта кетсек, «Алматы – іңкәрім менің» ретро-фестивалінен түскен қаржы Арыс қаласында болған жойқын жарылыстан жарамсыз болып қалған Балалар үйін қалпына келтіруге жұмсалады. Рестро-фестивальдің әр билетінен түскен ақша балалар үйінің бар қажеттігіне арналды. 

Тек КТК эфирінде!  «Алматы- іңкәрім менің» ретро-фестивалін қарауға шақырамыз. Желтоқсан айында! 

Ұйымдастырушылар: «Дегдар» қайырымдылық қоры, Алматы қаласының әкімдігі.

Қайырымды жандардың ән мерекесін КТК эфирінен тамашалаңыз! 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.