Күндерек
Күндерек - Балықшы суға батып бара жатқан қыздарды қармақпен құтқарып қалды
01.12.2018
Бұл мәселеде:
Аргентинада балықшы қармақтың көмегімен суға батып бара жатқан қыздарды құтқарып қалды.
Оқиға Хенераль-Альварадо муниципалитетіндегі жағажайлардың бірінде орын алған. Эрнан Мария Галарца балық аулап жүріп, сол маңда күнге қыздырынып жатқан үш қыздың аяқ астынан жоқ болып кеткенін байқайды. Артынша ол толқындарға қарап, сөмкеге ұқсайтын заттарды көріпті. Бірнеше секундтан кейін Галарца олардың сөмке емес, қыздар екенін түсінеді.
Балықшы қармағының бауы оратылып қалғанын байқап, оның бағытын анықтайды. Сөйтсе, суға батып бара жатқан қыздардың бірі бауды қолына орап алыпты. Гларца қыздарға айқайлап, құтқарып алатынын айтқан. Ол біраз уақыт бойы қармақтың бауын тартуға тырысып, артынша көмек іздеуге жүгіреді. Балықшы жағажай маңынан 17 жастағы жасөспірімді көріп, одан суда жүзе алатын-алмайтынын сұрапты. Анықталғандай, жасөспірім өмір бойы құтқарушы болуды арамандаған екен. Сондықтан ойланбастан суға күмп береді.
Балықшы көмек іздеп жүрген кезде қыздарды бірі судан өзі шығыпты. Жасөспірім тағы бір қызды судан шығарып алды. Бұл кезде Гларца үшінші қызды қармақтың көмегімен ұстап тұрған. Оларды құтқару үшін шамамен 20 минут кетті.
Ажалдан аман қалған балалардың жасы 11-13 жас аралығында екен. Олар судан қармақтың бауын қалайша байқап қалғанын түсінбегендерін мойынады. Балықшының сөзінше, абырой болғанда, қармақтың бауы үзіліп кетпей, қыздарды құтқару мүмкін болды.
«Қатты қобалжып, есім шықты. Олардың қалай өлгенін көру өте қорқынышты болар еді. Егер оларды құтқаруға тырыспасам, мұндай сұмдық көз алдымнан өмір бойы кетпейтін еді», – дейді Галарца.
Артынша қыздар алғашқы медициналық көмек көрсету пунктіне жеткізілді. Оқиға орын алған жағажайда суға түсу қауіпті саналады: онда тастар көп әрі толқындары қатты.
Дереккөз: stan.kz
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
В Астане в связи со строительством LRT изменится схема движения на нескольких улицах
Об этом сообщает компания CTS. «Согласно плану производства работ по строительству LRT, по согласованию с департаментом ...
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған 15 адам полиция бөліміне жеткізілді. Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа ...
Крупный пожар вспыхнул в Алматинской области
Днем 20 марта 2025 года в дежурную часть ДЧС Алматинской области поступило сообщение о возгорании ...
Движение ограничили на трассах в трех областях
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». По состоянию на 18:00 20 марта 2025 года в трех областях на трех республиканских автодорогах ...
Алматы облысында қойма өртенді
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шықты. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, ...
Канат Бозумбаев проверил прохождение паводков в Актюбинской области
Актюбинская область традиционно входит в список территорий с высоким риском подтоплений. Ежегодно в конце марта ...
Гость украл телевизор из дома жителя Темиртау
Об этом сообщает Polisia.kz. В Темиртау мужчина стал фигурантом уголовного дела по факту кражи. Воспользовавшись невнимательностью ...
Группа дропперов задержана в Алматинской области: ущерб от их деятельности составил почти 600 млн тенге
Об этом сообщает Polisia.kz. Сотрудники управления по противодействию киберпреступности ДП Алматинской области при координации департамента по ...
Один погиб, второй пострадал: обстоятельства несчастного случая на шахте выясняют в Акмолинской области
При обвале на шахте «Западная» рудника Бестобе один рабочий погиб, еще один получил множественные травмы, сообщает Kazinform. Как ...