Күндерек
Күндерек - Ақтөбеде карантин енгізіледі
05.04.2020
Бұл мәселеде:
6 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин енгізіледі, Ақтөбе қаласында 11 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева тікелей эфир арқылы ертең сағат 21:00-ден бастап қалада карантин енгізілетін мәлімдеді.
«Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Ақтөбе қаласы аумағында төтенше жағдай аяқталғанға дейін карантин жарияланады. Біріншіден, қалада барлық мекемелер жұмысы тоқтайды. Тізім әлеуметтік желіде, әкімдік сайтында жарияланады. Қоғамдық демалыс орындары, саябақтар, балалар алаңына баруға болмайды. Екіншіден, көліктің барлық түрі қаладан шықпайды, кірмейді. Қаулы кейбір азаматтардың жүріп- тұруына рұқсат береді. Тізімі арнайы жарияланады. Үшіншіден, қоғамдық көлік қозғалысына кесте енгізіледі.
Мәселен, таңертең 7:00-9:00, түсте 12:00-14:00, кешке 17:00-21:00 аралығына бекітілді. Қала аумағында залалсыздандыру жұмысы күшейтіледі. Тек медицина қызметкері, полиция мен коммуналдық мекеме жұмысшыларына ешқандай шектеу жоқ. Азық-түлік, дәріханаға баруға болады. Аса қажет болмаса үйден шықпауды сұраймыз. Азық-түлік дүкендері 10:00-20:00 аралығында жұмыс істейді. Қала аумағында жеке көлікпен жүруге тыйым салынады», - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.
Айта кетейік, індетке шалдыққандардың жетеуі шетелден вирус жұқтырған, өзгесі сол адамдармен байланыста болған. Мәселен кеше анықталған үш жағдайдың екеуі Қобда ауданындағы блокпостта тіркелді. Қазақстанның екі азаматы «Мәскеу-Воронеж-Түркістан» бағытымен келе жатып, өзін жайсыз сезінгені туралы хабар берген. Бірінің жолда ыстығы көтеріліп, тамағы қышып, бойынан әл кеткен. Хабар түскен бойда блокпостқа жедел жәрдем бригадасы шақырылып, науқас жүргізуші мен оның серігі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Вирусологиялық анализден соң олардың қауіпті індетті жұқтырғандары расталды.
«Ақтөбе қаласында карантин енгізіліп, аудандарда ерекше шектеу сол күйі қалады. Қазір облыста 28 блокпост бар», - деді жергілікті арнада өткен тікелей эфир кезінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
В Астане в связи со строительством LRT изменится схема движения на нескольких улицах
Об этом сообщает компания CTS. «Согласно плану производства работ по строительству LRT, по согласованию с департаментом ...
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған 15 адам полиция бөліміне жеткізілді. Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа ...
Крупный пожар вспыхнул в Алматинской области
Днем 20 марта 2025 года в дежурную часть ДЧС Алматинской области поступило сообщение о возгорании ...
Движение ограничили на трассах в трех областях
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». По состоянию на 18:00 20 марта 2025 года в трех областях на трех республиканских автодорогах ...
Алматы облысында қойма өртенді
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шықты. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, ...
Канат Бозумбаев проверил прохождение паводков в Актюбинской области
Актюбинская область традиционно входит в список территорий с высоким риском подтоплений. Ежегодно в конце марта ...
Гость украл телевизор из дома жителя Темиртау
Об этом сообщает Polisia.kz. В Темиртау мужчина стал фигурантом уголовного дела по факту кражи. Воспользовавшись невнимательностью ...
Группа дропперов задержана в Алматинской области: ущерб от их деятельности составил почти 600 млн тенге
Об этом сообщает Polisia.kz. Сотрудники управления по противодействию киберпреступности ДП Алматинской области при координации департамента по ...
Один погиб, второй пострадал: обстоятельства несчастного случая на шахте выясняют в Акмолинской области
При обвале на шахте «Западная» рудника Бестобе один рабочий погиб, еще один получил множественные травмы, сообщает Kazinform. Как ...