{metadescription}

Күндерек

Файл не найденx0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Күндерек - Мемлекет басшысы Корея Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

30.10.2022

Бұл мәселеде:

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ëльге Сеулде болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

«Сеул қаласының Итэвон ауданында көптеген адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ал, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай ауыр сәтте еліміздің азаматтары және өзім Корея халқының орны толмас қайғысын бөлісіп, олармен бірге екенімізді айтқым келеді», - деп жазылған жеделхатта.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Қазір эфирде