{metadescription}

Күндерек

Файл не найденx0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Күндерек - Президент Қатар Әмірін әлем чемпионатының жоғары дәрежеде өтуімен құттықтады

19.12.2022

Бұл мәселеде:

Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді футболдан әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастыруымен құттықтады. Бұл жаһандық спорттық шара Қатардың дамыған әрі бейбітсүйгіш ел ретінде әлеуеті мол екенін паш етті.

Тараптар, ең алдымен, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын жоғары бағалады. Осы ретте Қатар Әмірінің жуырда Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңызды екені аталып өтті.

Әңгімелесу барысында екіжақты сауданы жандандыру және экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігі жөнінде айтылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қатар Қазақстандағы ең ірі он инвестордың қатарына кіретініне сенім білдірді.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.