Күндерек
Күндерек - Тарихта тұңғыш рет қазақ қызы «Kazakh Everest Team» командасының құрамында Эверестті бағындырды
12.05.2024
Бұл мәселеде:
12 мамырда Непал уақытымен сағат 07:25-те құрамында Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев бар «Kazakh Everest Team» қазақстандық командасы әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына (8 848 м) сәтті көтерілді, деп хабарлайды «Kazakh Everest Team» баспасөз қызметі Непалдың Гималайда көтерілуге маманданған және қазақстандық экспедицияның ресми жолсерігі болып табылатын «Seven Summit Treks» компаниясына сілтеме жасап.
8000 м-ден жоғары биіктіктегі дауыл мен боран түріндегі күрделі ауа райы жағдайларына байланысты шыңды бағындыруға ниеттенген экспедициялардың көпшілігі бағытынан кері қайтты, тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алды. Олардың арасында біздің отандастарымыз бар – тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева және еңбегі сіңген қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев, бұл оның Эверест шыңына осымен үшінші рет шығуы. Жалпы, «Kazakh Everest Team» командасының өрлеуі бес тәулікке созылды: 7 мамырда базалық лагерьден (5 350 м.) шығудан басталып, содан кейін біздің альпинистер I Лагерь (6 100 м.) арқылы өтіп, одан кейін II Лагерьге (6 400 м.), III Лагерьге (7 100 м.) көтерілді және IV Лагерьге (8000 м.) жеткен соң одан әрі Эверест (8848 м.) шыңына қарай тоқтаусыз жүріп отырды. Эверест шыңында «Kazakh Everest Team» спорттық-патриоттық экспедициясының қатысушылары Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын орнатты.
Бүгін, 12 мамырда Анар мен Мақсұт IV Лагерьде (8000 м.) күрделі көтерілуден кейін төмен түсу үшін күш-қуатын қалпына келтіріп жатыр. Альпинистердің жағдайы қанағаттанарлық деп сипатталады, бірақ күші сарқылып, базалық лагерьге түсу үшін біраз жинақталуы керек болып тұр.
Қатысушылар базалық лагерьге бүгін түстен кейін жетеді деп болжануда, байланысқа түсе салысымен Эверест шыңын бағындыру туралы жаңалықтары мен хабарламалары көпшілікке жеткізілетін болады!
Бүкіл Қазақстан «Kazakh Everest Team» экспедициясының қатысушыларын әлемнің ең биік шыңына сәтті көтерілуімен құттықтайды!
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
В Астане в связи со строительством LRT изменится схема движения на нескольких улицах
Об этом сообщает компания CTS. «Согласно плану производства работ по строительству LRT, по согласованию с департаментом ...
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған 15 адам полиция бөліміне жеткізілді. Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа ...
Крупный пожар вспыхнул в Алматинской области
Днем 20 марта 2025 года в дежурную часть ДЧС Алматинской области поступило сообщение о возгорании ...
Движение ограничили на трассах в трех областях
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». По состоянию на 18:00 20 марта 2025 года в трех областях на трех республиканских автодорогах ...
Алматы облысында қойма өртенді
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шықты. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, ...
Канат Бозумбаев проверил прохождение паводков в Актюбинской области
Актюбинская область традиционно входит в список территорий с высоким риском подтоплений. Ежегодно в конце марта ...
Гость украл телевизор из дома жителя Темиртау
Об этом сообщает Polisia.kz. В Темиртау мужчина стал фигурантом уголовного дела по факту кражи. Воспользовавшись невнимательностью ...
Группа дропперов задержана в Алматинской области: ущерб от их деятельности составил почти 600 млн тенге
Об этом сообщает Polisia.kz. Сотрудники управления по противодействию киберпреступности ДП Алматинской области при координации департамента по ...
Один погиб, второй пострадал: обстоятельства несчастного случая на шахте выясняют в Акмолинской области
При обвале на шахте «Западная» рудника Бестобе один рабочий погиб, еще один получил множественные травмы, сообщает Kazinform. Как ...