{metadescription}

Күндерек

Файл не найденx0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Күндерек - Атырауда бір отбасының екі баласы Жайыққа батып кетті

01.08.2024

Бұл мәселеде:

Атырау қаласының маңындағы Құрманғазы ауылының тұсында бір отбасының екі баласы Жайық өзеніне батып кетті, деп жазады kazinform.

Бірінің мүрдесі табылды. Ал, екіншісін іздеу жалғасып жатыр. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, екі жасөспірім бүгін, 1 тамызда түс мезгілінде өзенге батқан. 

«Бұл туралы департаменттің диспетчерлік пультіне бүгін сағат 14:53-те хабар түсті. Атырау қаласына таяу орналасқан Құрманғазы ауылынан тұсында екі жасөспірім Жайық өзеніне суға түскен. Екеуі де – бір отбасының баласы. Оның бірі – 2017 жылғы ұл, екіншісі – 2015 жылы туған қыз», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Құтқарушылар оқиға жедел жетіп, іздестіру жұмысына кірісті. Өзенге батқан жасөспірімдерді іздестіруге 6 құтқарушы, 3 жүзу құралы тартылды. Департаменттің психологтері екі баласы суға батқан отбасына психологиялық көмек көрсетіп жатыр. 

«Түс қайта сағат 16:20-да департаменттің жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері 7 жасар ұлдың мүрдесін тауып, жағалауға шығарды. Қазір 2015 жылғы қызды іздестіру жалғасып жатыр. Құтқарушыларға полиция департаментінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындары көмекке келді», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан. 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.