Күндерек
Күндерек - Атырау облысындағы тағы бір көпір ойылып, жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынды
17.11.2024
Бұл мәселеде:
Атырау облысының Махамбет ауданында Жайық өзенінің үстінен салынған көпірде ақау анықталды.
Сол себептен, жүк көліктерінің көпірден өтуіне тыйым салынды. Бұл деректі Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев растады.
«Махамбет ауданындағы облыстық маңызы бар көпірде жарық пайда болды. Соған байланысты жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды. Қазір аталған көпірдің жай-күйіне техникалық зерделеу жүргізу үшін өтінім берілді», -деп хабарлады Руслан Жұмағазиев.
Аталған көпірдің құрылысы 2014 жылы басталып, 2017 жылы пайдалануға берілген. Көпірдің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 13 метр. Оның құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 9,4 млрд теңге бөлінген. Кезінде бұл жобаның бас мердігерлігіне «Атырауинжсртой» ЖШС таңдалған.
Бұл көпірдің жүк көтеру қуаты 180 тоннаға есептелген. Оның ұзындығы – 860, ені – 13 метр. Көпірге көтерілетін жолдың жалпы ұзындығы – 8,5 шақырым. Көпірдің Жайық өзенінің оң жағалауындағы тармағы Махамбет ауылының тұсында Атырау – Орал республикалық трассасына қосылады.
Ал, сол жағалаудағы бөлігі Ортақшыл ауылының маңында Атырау – Индер облыстық маңыздағы жолға жеткізеді. Махамбет ауданы әкімдігінің мәліметінше, көпірдің ортаңғы бөлігіне зақым келген. Осыған байланысты көпірде ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынған. Ал, жеңіл автокөліктерге сағатына 20 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіліп отыр.
Сондай-ақ, аталған көпірге арнайы жол белгілері қою жоспарланған.
Дереккөз: kazinform
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
В Астане в связи со строительством LRT изменится схема движения на нескольких улицах
Об этом сообщает компания CTS. «Согласно плану производства работ по строительству LRT, по согласованию с департаментом ...
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған 15 адам полиция бөліміне жеткізілді. Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа ...
Крупный пожар вспыхнул в Алматинской области
Днем 20 марта 2025 года в дежурную часть ДЧС Алматинской области поступило сообщение о возгорании ...
Движение ограничили на трассах в трех областях
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». По состоянию на 18:00 20 марта 2025 года в трех областях на трех республиканских автодорогах ...
Алматы облысында қойма өртенді
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шықты. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, ...
Канат Бозумбаев проверил прохождение паводков в Актюбинской области
Актюбинская область традиционно входит в список территорий с высоким риском подтоплений. Ежегодно в конце марта ...
Гость украл телевизор из дома жителя Темиртау
Об этом сообщает Polisia.kz. В Темиртау мужчина стал фигурантом уголовного дела по факту кражи. Воспользовавшись невнимательностью ...
Группа дропперов задержана в Алматинской области: ущерб от их деятельности составил почти 600 млн тенге
Об этом сообщает Polisia.kz. Сотрудники управления по противодействию киберпреступности ДП Алматинской области при координации департамента по ...
Один погиб, второй пострадал: обстоятельства несчастного случая на шахте выясняют в Акмолинской области
При обвале на шахте «Западная» рудника Бестобе один рабочий погиб, еще один получил множественные травмы, сообщает Kazinform. Как ...