{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Портрет недели

Артур Платонов

Артур Платонов

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Жаңалықтар - Елімізде бір мемлекеттік грантқа 20 түлек таласып жатыр

04.08.2016

Дүйсенбі-жұма, 19:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Білім министрлігі мемлекеттік гранттың санын қысқартты. Бұл өз кезегінде дарынды жастарды тығырыққа тіреп отыр. Оның үстіне  биыл  бюджет есебінен тегін оқуға 60 мың түлек өтініш берген. Алайда бөлінген  грант саны 31 мың. Яғни екі еседей аз. Сондықтан үміткерлер санының  көптігінен бір орынға жиырмадан астам ұл-қыз таласып жатыр. Әдеттегідей дипломат, аудармашы, заңгер болғысы келетіндердің саны өте  көп.

Кімнің мемлекет есебінен тегін оқитынын Астанадағы республикалық комиссия шешеді. Оған  Білім министрі  бастап  бірқатар университет ректорлары  қостаған ұзын саны 20 адам мүше. Тестілеуден жоғары ұпай алып, конкурсқа қатысу үшін құжат өткізген 60 мыңға жуық түлектің тізімін алған комиссияның жұмысы қызу. Олар мемлекеттік білім грантын студенттерге бірнеше күннің ішінде үлестіріп беруі тиіс.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Конкурсқа 59 677 адам қатысуда. Оның 47 342-сі қазақ тілінде білім алғандар. Білім грантынан үміткерлердің арасында 2 208 «Алтын белгі» иегерлері бар. 303-і – колледж түлегі, 169-ы – халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.

Яғни тегін оқудан кіл мықтылар үмітті. Сондықтан іріктеу де қатал.   Оның үстіне мемлекеттік грант бөлінген кезде талапкердің Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде жиған балы ғана емес, республикалық, халықаралық олимпиадалардағы жетістігі есепке алынады. Ал «Алтын белгі» иегерлеріне, ауылдан шыққан және мүгедектігі бар ұл-қызға  бірінші кезекте орын беріледі. Биыл бюджеттен 31 мыңнан астам мемлекеттік грант қарастырылған. Бұл былтырмен салыстырғанда анағұрлым аз.

Гүлзат Көбенова, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының міндетін атқарушы:

-Биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша жалпы белгіленген 31 мыңнан астам білім беру  грантының 10 пайыздан астамы ауылдық жастарға арналған. 3 мыңнан астам грантты құрайды. Осы 3 мың грантқа 9 мыңнан астам талапкерлер құжатын тапсырып, конкурсқа қатысып  отыр. 

Биыл ауыл квотасы  бойынша бөлінген орынға тек мектеп түлектері ғана емес, 29 жасқа толмаған кез-келген азамат үміткер бола алады. Тағы бір жаңалық – шетел азаматтығын алса да,  ұлты қазақ әлемдегі ағайындардың ұл-қызы да білім грантының байқауына қатысуға мүмкіндігі бар. Колледждің дипломымен жұмыс істеп жүргендерге де жеңілдік қарастырылған.

 

 

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

-Колледж бітірген балардың 1 жыл стажы бар балаларға, біздерде тоже льгот беріледі. Сондықтан сол ғана бір өзгеріс бар, қалғандары сол қалпымен өтеді.

 

Бұдан бөлек, Білім министрлігі Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Мысыр, Моңғолия, Ауғанстаннан да талапкерлер  қабылдап, мемлекет есебінен тегін оқытпақ. Ал, мамандықтарға келсек, жылдағыдай дипломат, аудармашы, заңгер болуды армандайтындардың қатары көп. Сондай-ақ, биыл педагогикалық мамандыққа да қызығушылардың қатары көбейген көрінеді. Мәселен, география пәнінің мұғалімі болу үшін бір орынға 28 адам таласып жатыр. Осы кезде елімізде инженер, дәрігер, агроном мамандарына  сұраныс жоғары. Бірақ, болашақ студенттерді бұл сала аса қызықтырып отырған жоқ.

 

-Мемлекеттік білім грантына ие болғандардың тізімі 12-ші тамызға дейін белгілі болады. Ал, ҰБТ-дан  өте алмағандарға  биыл  екінші рет емтихан тапсырып, университеттің ақылы бөлімінде білім алуға мүмкіндік беріліп отыр. Бұрын да хабарлағанымыздай, Ұлттық біріңғай тестілеудің келесі жылы форматы өзгереді. Түлектер бірінші мектепте емтихан тапсырады, кейін университетке келіп тағы сынақтан өтеді. 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Қазір эфирде