{metadescription}
Тоқтар Төлешев. Шымкенттегі шектен шыққандық

Тоқтар Төлешев. Шымкенттегі шектен шыққандық

Қолында бәрі болды! Зауыттар, киностудиялар, зәулім сарайлар! Төрт әйелі, 13 баласы, сансыз малайлар. Тапсырысты жұлдыздар, мадақтауға миллиондар. Ақшаны оңды-солды шашып,  сайраңдап, ертегідей өмір сүрді.  Бұның  қитұрқы тұстары да бар. Сыра патшасы Тоқтар Төлешев бүкіл бір облысты қорқытып ұстады: ұрлық-қарлық, азаптау, өлтіру. Ұсталғандардың жанын қинап,  оны видеоға түсіріп, бандының бастығына көрсетіп отырды. Төлешевтің қандықол қатігез шабармандары дұшпандарын уысында ұстады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы қылмыс әлемін басқару үшін қанды шайқас ұйымдастырды.  Тоқтардың жандайшаптары Жабайы Арман мен Есканың бандыларымен соғысты. Өз балаларының көңілін қайтарып, жолын кескендердің көзін оққағарлар құртып отырды.  Қылмыс жасағандар заңнан әрдайым сытылып кетіп отырды. Сыра зауытының қожайыны  жиі думандатып тойлады, ал дастарқан басында полицейліктер мен заңды ұрылар отырды. Құқыққорғау органдарында қызмет жасайтын достарына зәулім сарайлар тарту етті. Ақыры ел билігін қолына алғысы келді. Ол қару-жарақты қайдан алды? Қанды көтерілістің жоспарын қалай жасады? Құпия істің эксклюзивті бүге-шігесі. Арнайы тергеу. Тоқтар Төлешев. Шымкенттегі шектен шыққандық. 

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.