Статьи
Статьи - Тұсаукесер: Баланың аяғына не себепті ала жіп байланады?
Выпуск от 07.07.2019
Читайте статьи на сайте КТК. Здесь у нас: полезная информация для казахстанцев, экспертные мнения, советы и лайфхаки, идеи для бизнеса и стартапов, подборки ресурсов для самообразования и развития, простые рецепты вкусных блюд и даже астрологические прогнозы.
Мы пишем статьи для того, чтобы вы получили больше информации, знали лучше и знали больше, чем другие.
Задавайте вопросы на наших страницах в социальных сетях, мы читаем каждый комментарий!
В этом выпуске:
Атам қазақ баяғыда тұсаукесерді қалай өткізген? Бала қашан қаратабан болады? Қазақ баласының келешегіне не тілеген, қандай кәде жасаған? Баланың тұсауын кім кесуі тиіс? Тұсау кескен адамға қандай сыйлық жасайды? Баланың аяғына не себепті ала жіп байланады? Тұсаукесердің мән-мағынасын толық білесіз бе?
Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз басады, қара табан бола бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады.
Сөйтіп ең алғашқы тіршілігін бастайды. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп тұсау кесер деген кәдені істейді.
Тұсау кесерге мал сойылып, жұрт жиналады, көбінесе әйелдер. Баланың анасы ала-құла шуда жіптің екі-үш қарысын дайындап, оны ауылдағы ең бір желаяқ, пысық әйелге беріп:»Ал, балаңның тұсауын өзің кес!» - дейді.
Ол жіпті алдымен баланың екі аяғына байлап, оны жұрттың көзінше кеседі. Бала анадайдағы анасына қарай тәлтіректей жөнеледі.
Тұсау кескен кісіге бір киім не мал береді. Міне, осыдан бастап кішкене қазақ өзінің өмір жолын бастайды. Пәнидегі тіршілігінің ізімен жер бетін шимайлайды. Әке шеше бала тәрбиесінің алғашқы қадамына кіріседі.
Тұсау кесу – қазақтың өмір сапарының алды. Мұны сәтті бастасын деп ырым жасағаны, бір жағынан тәңірге құлшылық жасап адақа бергені.
Осы арада «баланың аяғына не себепті ала жіп байланады? Қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген саұрақ туады.
Бұл сұраққа танымал қаламгер, жазушы Ахмет Жүнісов былай деген:
«Мұның мәнісі мынада: қазақ баласын ептеп ұға алатын, айтқанды істейтін кезінен – осы тұсауы кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды.
- Бірінші – баланың келешегіне жол ашу, ақ жол тілеу.
- Екінші – біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан-ақ құлағына сіңісті етеді.
- Үшінші – аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де өсиетімізді орында, айтқанды істе, ондайдың жолын кес, біреудің бір құлаш бас жібіне жолама, тіпті бұзауға мойыншақ, көгенге бұршақ болатынын алма дегені.
Қзақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері әдет-ғұрпына қатал қараған. Әр салт-дәстүрінде терең мағына, тәрбие, тілек, бата жатыр. Кейбір ата салттың әлібі мен биін біле жүргеніміз абзал.
Аталмыш айдардан қазақтың басқа да салт-дәстүрі мен сирек кездесетін салт-жоралғыларымен танысасыздар.
Оқи отырыңыз: Бесікті аластау. Иткөйлек
Шілдехана: нәрестенің мойны, әйелдің белі тез бекісін десеңіз...
Жарыс қазан қай кезде асылады?
Қадір түні: Қандай амалдар жасаған дұрыс. Қандай дұға оқылады
Популярное
Последние выпуски
2025 жылдың қаңтар айына арналған астрологиялық болжам
Жылан жылының бірінші айы — қаңтарда сізді не күтіп тұр? Жұлдыздар қандай ақыл-кеңес береді? Қандай ...
Елімізде жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр
Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күрес — мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі. Жемқорлықтың экономикалық, әлеуметтік және саяси ...
Статистика: Қазақстан. Демография. Ахуал
Қазақстанның демографиялық жағдайы соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, елдің халық саны, құрылымы және көші-қон үрдістері ...
Қазақстанның әлемде алатын орны
Қазақстанның әлемдегі орны бірнеше маңызды факторларға байланысты қалыптасады, оның ішінде географиялық орналасуы, экономикасы, сыртқы саясаты, ...
Әлем: 2025 жылға сарапшылардың жасаған болжамдары
2025 жылға әлемде сарапшылар жасаған болжамдар әртүрлі салада, оның ішінде экономика, технология, экология, саясат және ...
2024 ЖЫЛ. ӘЛЕМ. ОҚИҒАЛАР
Дүниежүзінде жыл сайын, ай сайын, тіпті күн сайын қандай да бір салада таңғажайып жаңалық ашылып ...
2024 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ БОЛҒАН БАСТЫ ОҚИҒАЛАР
2024 жыл қазақстандықтардың есінде несімен есте қалады? «Майқайың-алтын» кенішіндегі автобус апаты. Алматыдағы жер сілкісінісі. Бұрынғы ...
КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»
«Дау-дамайсыз» бағдарламасы, міне, осымен сегізінші жыл еліміздегі қарапайым қарашаның басына түскен әлеуметтік бар түйткілін шешіп келеді. ...
«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ
«Астарлы ақиқат» ток-шоуы сергелдеңге түскен жанның күрмеуі қиын мәселесін талқылаудан жалыққан емес. Талай жылаған жанды ...