Статьи
Статьи - 2023 жылы жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді
Выпуск от 03.01.2023
Читайте статьи на сайте КТК. Здесь у нас: полезная информация для казахстанцев, экспертные мнения, советы и лайфхаки, идеи для бизнеса и стартапов, подборки ресурсов для самообразования и развития, простые рецепты вкусных блюд и даже астрологические прогнозы.
Мы пишем статьи для того, чтобы вы получили больше информации, знали лучше и знали больше, чем другие.
Задавайте вопросы на наших страницах в социальных сетях, мы читаем каждый комментарий!
В этом выпуске:
20123 жылы есептік көрсеткіштердің жаңа мөлшері қандай болады? Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы қанша? Бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы мен көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы қанша болады? Жәрдемақы төлеу мерзімі ұлғайтыла ма? Базалық зейнетақы мөлшерін көтеру, ортақ зейнетақы мөлшерін есептеу қалай жүзеге асырылады?
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Жәрдемақы төлеу мерзімін 1,5 жасқа дейін ұлғайту, базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен көтеру, ортақ зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде табыстың ең жоғары шектелуін 46-АЕК-ден 55 АЕК-ге дейін арттыру, сақтандырылған азаматтарға жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін орташа айлық табыстың 45%-на дейін өсіру тұрғысында тұжырымдамалық түзетулер қамтылған.
Еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге. Айлық есептік көрсеткіш (жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ салықтарды және басқа да төлемдерді қолдануға) 3 450 теңге. Ең төменгі күнкөріс мөлшері 40 567 теңге.
20123 ЖЫЛЫ ЕСЕПТІК КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ЖАҢА МӨЛШЕРІ:
- Ең төменгі жалақы мөлшері: 70 мың теңге;
- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері: 24 341 теңге;
- Ең төмен зейнетақы мөлшері: 53 076 теңге;
- Айлық есептік көрсеткіш (АЕК): 3 450 теңге;
- Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейі: 40 567.
БАЛА ТУҒАНДА БЕРІЛЕТІН БІРЖОЛҒЫ ЖӘРДЕМАҚЫ:
- Бірінші, екінші және үшінші балаға 38 АЕК немесе 131 мың теңге;
- Төртінші және одан кейінгі балаға 63 АЕК немесе 217 350 теңге;
- Егер отбасында егін немесе үшем, төртем туса, біржолы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді.
БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АЙ САЙЫНҒЫ ЖӘРДЕМАҚЫ (1,5 жасқа дейін төленеді):
- Бірінші балаға: 5,76 АЕК немесе 19 872 теңге;
- Екінші балаға: 6,81 немесе 23 495 теңге;
- Үшінші балаға: 7,85 АЕК немесе 27 083 теңге;
- Төртінші және одан кейінгі балаға: 8,9 АЕК немесе 30 705 теңге.
- Декретке дейін жұмыс істейтін әйелдерге кейінгі екі жылдағы табыс
÷ 24 ×0,4-10%
Бала туғанға дейінгі екі жылда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 6 айдан аз уақыт қатысқан ата-ана жұмыс істемейтін адамдармен қатар республикалық бюджеттен төленетін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алады. Декретке дейін жұмыс істеген әйелдердің бала күтіміне байланысты алатын ай сайынғы әлеуметтік төлемі бөлек есептеледі. Яғни, кейінгі екі жыл ішіндегі жалпы табысты 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен 0,4 коэффициентке көбейтіп, одан шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастау керек.
КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫ:
- 4 балаға: 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
- 5 балаға: 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
- 6 балаға 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
- 8 балаға: 32 АЕК немесе 110 400 теңге;
- 9 балаға: 36 АЕК немесе 124 200 теңге;
- Сегіз баладан көп баласы бар отбасыларға одан кейінгі әр бала үшін 4 АЕК-тен 13 800 теңге) қосылады.
- 16 балаға 64 АЕК немесе 220 800 теңге.
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған көпбалалы әйелдерге 2023 жылы ай сайын 6,4 АЕК немесе 22 080 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
2023 жылы мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-анаға, қамқоршыға төленетін жәрдемақы мөлшері 56 794 теңге болып бекітілді.
2022 жылдың 1 сәуірінен бастап АЕК-тің екі мөлшері қолданылып келді. Алғашқысы жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді (3 180 теңге) төлеуге пайдаланылса, екіншісі – айыппұлдар мен салық және басқа да төлемдер үшін қолданылады (3 063 теңге)
Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен қамқоршыларға төленетін жәрдемақы мөлшері 56 794 теңге болып бекітілді.
2023 жылы ең төменгі зейнетақы 53 мың теңге болады.
21 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.
Аталған құжатқа сәйкес, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңге, ал ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге болады.
Популярное
Последние выпуски
2025 жылдың қаңтар айына арналған астрологиялық болжам
Жылан жылының бірінші айы — қаңтарда сізді не күтіп тұр? Жұлдыздар қандай ақыл-кеңес береді? Қандай ...
Елімізде жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр
Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күрес — мемлекет үшін маңызды міндеттердің бірі. Жемқорлықтың экономикалық, әлеуметтік және саяси ...
Статистика: Қазақстан. Демография. Ахуал
Қазақстанның демографиялық жағдайы соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, елдің халық саны, құрылымы және көші-қон үрдістері ...
Қазақстанның әлемде алатын орны
Қазақстанның әлемдегі орны бірнеше маңызды факторларға байланысты қалыптасады, оның ішінде географиялық орналасуы, экономикасы, сыртқы саясаты, ...
Әлем: 2025 жылға сарапшылардың жасаған болжамдары
2025 жылға әлемде сарапшылар жасаған болжамдар әртүрлі салада, оның ішінде экономика, технология, экология, саясат және ...
2024 ЖЫЛ. ӘЛЕМ. ОҚИҒАЛАР
Дүниежүзінде жыл сайын, ай сайын, тіпті күн сайын қандай да бір салада таңғажайып жаңалық ашылып ...
2024 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ БОЛҒАН БАСТЫ ОҚИҒАЛАР
2024 жыл қазақстандықтардың есінде несімен есте қалады? «Майқайың-алтын» кенішіндегі автобус апаты. Алматыдағы жер сілкісінісі. Бұрынғы ...
КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТІП-ЕҢІРЕТКЕН «ДАУ-ДАМАЙСЫЗ»
«Дау-дамайсыз» бағдарламасы, міне, осымен сегізінші жыл еліміздегі қарапайым қарашаның басына түскен әлеуметтік бар түйткілін шешіп келеді. ...
«АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ» ТОП ЖАРҒАН БЕС ШЫҒАРЫЛЫМЫ
«Астарлы ақиқат» ток-шоуы сергелдеңге түскен жанның күрмеуі қиын мәселесін талқылаудан жалыққан емес. Талай жылаған жанды ...