Лента новостей
Лента новостей - Үсік шалған адамға қалай көмек көрсету керек?
Выпуск от 05.02.2019
В этом выпуске:
Қостанай облысында ауа райының күрт құбылуы күн тәртібінен түскен жоқ.
Соған байланысты Қостанай облысының ТЖД үсік шалған уақытта алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндіріп, аяз кезінде адам өзін қалай сақтандыру керектігін еске салады деп жазады ҚазАқпарат. Ведомствода айтылғандай, шамадан тыс суық өту немесе үсу адам организміне төменгі температураның жалпы әсер ету салдарынан пайда болып, оның негізгі физиологиялық жүйелері қызметтерінің, ең алдымен дене жылылығын реттеу қызметінің бұзылуына әкеледі.
«Үсудің 4 дәрежесі бар. Бірінші дәрежелі үсу кезінде терінің сезімталдығы нашарлап бозарады, үсіген жер ісінеді, ауырып қышиды. Екінші дәрежелі үсу біршама ауыр өтеді, терінің асты суланып күлдірейді. Үшінші дәрежелі үсу түрінде терінің астына қанды су жиналып, күлдірейді, бірнеше күннен соң олардың орны жансызданып, жарылады да, тыртық пайда болады. Төртінші дәрежелі үсу кезінде барлық жұмсақ тіндер, кейде тіпті сүйек тіндері де жансызданады. Бұл - үсудің ең ауыр түрі. Жансызданған жер тырысып кеуіп қалады, қара қоңыр түске боялады», - деп түсіндірді Қостанай облысының ТЖД өкілдері.
Мамандардың сөзінше, үсік шалған жерлерді қармен уқалау терінің зақымдалуына әкеп соғады және инфекция түсіреді. Суық тиген адам жылыну үшін алкоголь ішуге болмайды. Себебі, қан тамырлары кенет тарылады, ол тиісінше, зақымданған жерлерді оттегімен қамтамасыз етуді төмендетеді.
«Үсік шалған жерлерді маймен сылауға тыйым салынады, өйткені ол терінің демалуын бұзады және зақымданған ұлпалардың шығуына кедергі болады. Үсік шалған тері қолмен немесе тоқыма шарфпен сыланады. Әуелі, үсіген адамның қолғабын және аяқ киімін шешіңіз, жұмсақ массажбен жылытыңыз, ал аяқтарыңыздың табанын жоғарыдан төмен бағытта сылаңыз. Зақымданған теріні мүмкіндігінше дәкемен, марлемен, полиэтиленмен бірнеше қабаттап ораңыз және жылы үй-жайға дейін тез жетуге тырысыңыз. Өзіңіз тез арада немесе көршілердің көмегімен дәрігер шақыртыңыз. Дәкені шешпеңіз, әйтпесе температураның төмендеуі нәтижесінде ұлпадағы дұрыс қан айналым бұзылады», - деп түсіндірді.
Өз кезегінде, «Қазгидромет» РМК филиалы суық ауа температурасы Қостанай облысындағы әлі біраз сақталатынын ескертеді.
«Өткен тәулікте ең төменгі ауа температурасы -22-28 градус болды. Бүгін ол -33-38 градусқа дейін түседі деп күтілуде. Облыстың кей өңірлерінде -40-43 градус аяз сезіледі. 6-7 ақпан күндері де төмен ауа температурасы болады», - деді филиал директоры Лариса Кузьмина.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қардың қалың түсуі мен боранға байланысты үш облыстың аумағындағы республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Популярное
Последние выпуски
В Астане в связи со строительством LRT изменится схема движения на нескольких улицах
Об этом сообщает компания CTS. «Согласно плану производства работ по строительству LRT, по согласованию с департаментом ...
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған 15 адам полиция бөліміне жеткізілді. Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа ...
Крупный пожар вспыхнул в Алматинской области
Днем 20 марта 2025 года в дежурную часть ДЧС Алматинской области поступило сообщение о возгорании ...
Движение ограничили на трассах в трех областях
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». По состоянию на 18:00 20 марта 2025 года в трех областях на трех республиканских автодорогах ...
Алматы облысында қойма өртенді
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шықты. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, ...
Канат Бозумбаев проверил прохождение паводков в Актюбинской области
Актюбинская область традиционно входит в список территорий с высоким риском подтоплений. Ежегодно в конце марта ...
Гость украл телевизор из дома жителя Темиртау
Об этом сообщает Polisia.kz. В Темиртау мужчина стал фигурантом уголовного дела по факту кражи. Воспользовавшись невнимательностью ...
Группа дропперов задержана в Алматинской области: ущерб от их деятельности составил почти 600 млн тенге
Об этом сообщает Polisia.kz. Сотрудники управления по противодействию киберпреступности ДП Алматинской области при координации департамента по ...
Один погиб, второй пострадал: обстоятельства несчастного случая на шахте выясняют в Акмолинской области
При обвале на шахте «Западная» рудника Бестобе один рабочий погиб, еще один получил множественные травмы, сообщает Kazinform. Как ...