Лента новостей
Лента новостей - Қазақстанның тағы бір өңірінде жолдарға бекеттер қойылды
Выпуск от 30.07.2020
В этом выпуске:
Павлодар полицейлері мен ветеринарлар көше аралап, құрбандық шалу ережелерін бұзу фактілерін анықтайды.
Павлодар облысында патрульдік бекеттер қойылды. Негізгі мақсат – Құрбан айт кезінде малды заңсыз тасымалдауға жол бермеу, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Ресми мәліметке сәйкес, өңірде 11 мобильді бекет қойылды. Атап айтқанда, Павлодар қаласында – 5, Екібастұзда – 3, ал Ақсу қаласында 3 бекет жұмысын бастады. Бұдан бөлек, полицейлер мен ветеринарлар көше аралап, құрбандық шалу ережелерін бұзу фактілерін анықтайды.
"Тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда кінәлі адамдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 406-бабы – "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу" бойынша жауапқа тартылады. Осы бапқа сәйкес, 20 айлық есептік көрсеткіш (55 560 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған", - дейді полицейлер.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, құрбандық шалу ережелерін сақтамағаны үшін тағы бір бап бойынша жаза бар. Ол – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы ("қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу"). Бұл бапта тура сондай жаза – 20 айлық есептік көрсеткіш (55 560 теңге) көлеміндегі айыппұл қарастырылған.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан шығаберіс жолдарға бекеттер қойылған болатын. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирус індетінің таралуына байланысты мешіттерде Құрбан айт намазын оқымауға шешім қабылдады. Ал 24 шілде күні Қазақстан Qurban2020.kz сайты іске қосылды. Ол арқылы құрбандық малға онлайн тапсырыс беруге мүмкіндік бар. Бірақ еттің бір бөлігін үйге алып кетуге болмайды. Құрбандық малдың барлық еті мұқтаж адамдарға таратылады. Онлайн-құрбандық жасау үшін сайт арқылы малды таңдап, ақшасын төлеу керек. Мұқтаж жандар да өтініш қалдыруы қажет. Онлайн тапсырыстар 30 шілдеге дейін қабылданады.
Дереккөз: sputniknews.kz
Популярное
Последние выпуски
В Астане в связи со строительством LRT изменится схема движения на нескольких улицах
Об этом сообщает компания CTS. «Согласно плану производства работ по строительству LRT, по согласованию с департаментом ...
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған 15 адам полиция бөліміне жеткізілді. Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа ...
Крупный пожар вспыхнул в Алматинской области
Днем 20 марта 2025 года в дежурную часть ДЧС Алматинской области поступило сообщение о возгорании ...
Движение ограничили на трассах в трех областях
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». По состоянию на 18:00 20 марта 2025 года в трех областях на трех республиканских автодорогах ...
Алматы облысында қойма өртенді
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шықты. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, ...
Канат Бозумбаев проверил прохождение паводков в Актюбинской области
Актюбинская область традиционно входит в список территорий с высоким риском подтоплений. Ежегодно в конце марта ...
Гость украл телевизор из дома жителя Темиртау
Об этом сообщает Polisia.kz. В Темиртау мужчина стал фигурантом уголовного дела по факту кражи. Воспользовавшись невнимательностью ...
Группа дропперов задержана в Алматинской области: ущерб от их деятельности составил почти 600 млн тенге
Об этом сообщает Polisia.kz. Сотрудники управления по противодействию киберпреступности ДП Алматинской области при координации департамента по ...
Один погиб, второй пострадал: обстоятельства несчастного случая на шахте выясняют в Акмолинской области
При обвале на шахте «Западная» рудника Бестобе один рабочий погиб, еще один получил множественные травмы, сообщает Kazinform. Как ...