Лента новостей
Лента новостей - Найзағай, дауыл және жаңбыр: ертең ауа райы қандай болады
Выпуск от 20.06.2021
В этом выпуске:
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Еліміздің өңірлерінде найзағай ойнып, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыста нөсер болуы мүмкін. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз, ыстық болады, деп хабарлайды Қазгидромет. Кей жерлерде бұршақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Дабылды ескерту
Алматы облысында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Дүйсенбі, 21 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жел болады деп болжануда.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында плюс 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан түнде секундына 15-20 метр, күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Көкшетауда найзағай болуы мүмкін.
Күндіз Ақтөбе облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Өңірде найзағай, бұршақ болады деп болжануда. Солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні - секундына 23-28 метр жел соғады. Өрт қаупі өте жоғары.
Қарағандыда найзағай, бұршақ күтіледі. Жезқазғанда 21 маусымда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - секундына 18 метр.
Шығыс Қазақстан облысында синоптиктер күн күркіреп, найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжайды. Жел секундына 15-20 метрге дейін, екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Аймақтың оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі бар.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады. Павлодарда күндіз найзағай күтіледі.
Қостанай облысында түнде найзағай ойнайды деп күтілуде. Солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні - 23-28 метр жел соғады. 21 маусымда Қостанайда солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр күшпен жел соғады деп күтілуде.
Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда таңертең және күндіз оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні - секундына 15-20 метр.
21 маусымда түстен кейін Атырауда және Атырау облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұрқасын, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен секундына 15-20 метр, екпіні - 23-28 метр жел соғады.
Петропавлда 21 маусымда найзағай ойнап, дауыл көтеріледі деп күтілуде.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде найзағай, бұршақ, бұрқасын күтілуде. Секундына 15-20 метр күшпен жел соғады, екпіні - секундына 23-28 метр.
Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Мегаполистердегі ауа-райы
Нұр-Сұлтанда жаңбыр жаууы мүмкін, найзағай күтіледі, дауылды ескерту жарияланды. Күндізгі температура: плюс 13-15 градус, түнде - 7-9 градус жылы. Желдің жылдамдығы - секундына 9-14 метр, екпіні - 15-20 метр.
Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз 27-29 градусқа дейін жылынады. Түнде термометр плюс 11-13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр.
Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Күндіз плюс 30-32 градус, түнде - 15-17 градус жылы болады деп болжануда. Желдің жылдамдығы - секундына 8-13 метр, екпіні - 15-20 метр, дауылды ескерту жарияланды.
Популярное
Последние выпуски
В Астане в связи со строительством LRT изменится схема движения на нескольких улицах
Об этом сообщает компания CTS. «Согласно плану производства работ по строительству LRT, по согласованию с департаментом ...
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған 15 адам полиция бөліміне жеткізілді. Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа ...
Крупный пожар вспыхнул в Алматинской области
Днем 20 марта 2025 года в дежурную часть ДЧС Алматинской области поступило сообщение о возгорании ...
Движение ограничили на трассах в трех областях
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». По состоянию на 18:00 20 марта 2025 года в трех областях на трех республиканских автодорогах ...
Алматы облысында қойма өртенді
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шықты. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, ...
Канат Бозумбаев проверил прохождение паводков в Актюбинской области
Актюбинская область традиционно входит в список территорий с высоким риском подтоплений. Ежегодно в конце марта ...
Гость украл телевизор из дома жителя Темиртау
Об этом сообщает Polisia.kz. В Темиртау мужчина стал фигурантом уголовного дела по факту кражи. Воспользовавшись невнимательностью ...
Группа дропперов задержана в Алматинской области: ущерб от их деятельности составил почти 600 млн тенге
Об этом сообщает Polisia.kz. Сотрудники управления по противодействию киберпреступности ДП Алматинской области при координации департамента по ...
Один погиб, второй пострадал: обстоятельства несчастного случая на шахте выясняют в Акмолинской области
При обвале на шахте «Западная» рудника Бестобе один рабочий погиб, еще один получил множественные травмы, сообщает Kazinform. Как ...