{metadescription}

Лента новостей

0:000:00
Реклама X Пропустить можно через сек. Пропустить Загрузка

Лента новостей - Карантин күшейтіледі: Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

Выпуск от 24.06.2021

В этом выпуске:

Нұр-Сұлтандағы карантиндік шараларды күшейту туралы жарлыққа астаналық санитарлық дәрігер қол қойды.

Жаңа шектеулер 27 маусымнан күшіне енеді. Сауда ойын-сауық орталықтарының апта ішіндегі жұмыс уақыты 10:00-17:00 аралығына белгіленді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын дәріханаларды, шағын маркеттерді, супермаркеттер мен гипермаркеттерді, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді, "Ashyq" жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарын қоспағанда.

Қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз қалады: жұмыс күндері және сенбі күні штаттық режимде, ал жексенбіде дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі. Дәмханалар мен мейрамханалардың жұмыс уақыты

Ғимарат ішіндегі мейрамхана, дәмхана, барлар мен асханалардың жұмысы 07.00-20.00 аралығында шектелді. Сенбі мен жексенбіде жұмыс істеуге тыйым салынады. Даладағы ашық жаздық дәмханалар сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істей алады (Ashyq жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда).

Жабық азық-түлік базарлардың жұмысы жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, кәсіпорындар әкімшілік персоналының кемінде 80%-ін қашықтықтан жұмыс түріне ауыстырады. Коронавируспен ауырған немесе вакцина алған қызметкерлер әдеттегі тәртіпте жұмыстарын жалғастырады. Бұл ретте соңғы 3-6 ай ішінде COVID-19 -ға қарсы вакцинаның толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

Студенттерге арналған қорытынды емтихандар қашықтан тапсырылады. Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Последние выпуски

Показать ещё выпуски

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс

Сейчас в эфире