Лента новостей
Лента новостей - Қайрат Боранбаевқа қатысты шыққан сот үкімінің күші жойылды
Выпуск от 02.07.2023
В этом выпуске:
Ресей газының бағасы туралы ақпаратты қамтитын құжаттың түпнұсқасының болмауына байланысты Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты алдында шығарылған сот үкімінің күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот Қайрат Боранбаевқа, Роман Нахановқа және Тайыр Жанұзаққа қатысты 2023 жылы 31 наурызда шыққан сот үкімнің күшін жойды. Оған себеп - "ҚазТрансГаз" АҚ ұсынған газ бағасы туралы Ресей тарапындағы бастапқы деректердің болмауы.
Бағадағы айырма газ бағасын көтеру түріндегі қылмыс ретінде қарастырылды.
Алайда, бұл хаттаманың түпнұсқасы жоқ екендігі нақтыланады. Сот алқасы "ҚазТрансГаз" қызметкерлерінің хат-хабарларынан алынған электрондық көшірмені түпнұсқаның болмауына байланысты жеткілікті дәлел ретінде санамады.
"Көшірменің 18-тармағында Қазақстанға 1 мың текше метр ресейлік табиғи газды 145 АҚШ доллар бағасымен қосымша жеткізу жайы қамтылған. Сотта зерттелген 17 тармақтан тұратын 12.07.2019 жылғы отырыс хаттамасының түпнұсқасында бұл арасы жоқ. Сот үкімінде бұл құжаттардың түпкі көздері анықталмаған, яғни 18 тармақтан тұратын хаттаманың көшірмесі қайдан алынғаны, көрсетілген хаттама неге орындауға бағытталмағаны, осы тармақ шешімнің соңғы нұсқасына неге енбей қалғаны көрсетілмеген. Осылайша, сот үкімі қылмыстық іс жүргізу заңын бұза отырып шешілді, соттың айыптау қорытындылары болжамдарға негізделген, құжаттардың түпнұсқалары болмаған, көшірмелерге сүйенген, олардың дұрыстығы мен шынайылығы күмән тудырады, жол берілмейтін 7 дәлелдемелер пайдаланылды және талданбаған, шынайылығы тексерілмеген және басқа объективті дәлелдемелермен расталмаған дәлелдемелер пайдаланылды".
Сот хаттамасында алаяқтық схемасын дәлелдейтін дәлелдер жоқ делінген.
"Күмәнді хаттамада газды Ресей территориясынан Қазақстанның Қытаймен шектескен шекарасына дейін тасымалдау бағасы енгізілгені туралы ешқандай дәлел жоқ, газ транзиті үшін шамамен 57 долларды кім төлейтіні де белгісіз. "Азия Газчунджа" жеткізушісінің тәуекелдеріне сүйене отырып, керісінше, ҚазТрансГаз шамамен 130 млн доллар табыс тапқан. Несонов, Сүлейманов және Мұхамеджанов куәлік ете отырып, бұл мәміленің тиімділігін растады".
Мұндай жағдайларда сот үкімінің күші жоюға жатады, ал қылмыстық іс алқалы құрамдағы бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша апелляциялық сатыдағы соттың қарауына жатады.
Сотталғандар мен олардың қорғаушыларының апелляциялық шағымдары ішінара қанағаттандырылды.
Боранбаев пен Нахановты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды, ал үйқамақтағы Жанұзақ дереу сот залында қамауға алынды.
2022 жылы 26 желтоқсанда Қаржылық мониторингі агенттігі айыптау бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Айыпталушылар сұйытылған мұнай газын сатып алу және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру кезінде 14,5 млрд теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды.
Аталған іс бойынша сот процесі Астанада 30 желтоқсанда басталды.
Қайрат Боранбаев пен "Азия Газчунджа" ЖШС-нің негізін қалаушылардың бірі Роман Нахановқа сеніп тапсырылған бөтеннің мүллкін жымқыру және иелену, заңсыз ақша мен мүлікті заңдастыру және қылмыстарға жәрдемдесу бойынша айып тағылды.
2023 жылы 14 наурызда сот айыптау актісін өзгертуге қосымша уақыт бөлуді сұраған мемлекеттік айыптаушының өтініші бойынша Қайрат Боранбаев ісіне қатысты тараптардың жарыссөздерін кейінге қалдырды.
28 наурызда прокурор Қайрат Боранбаевқа мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Астана қаласының № 2 Сарыарқа сотында 31 наурызда "Азия Газчунджа" ЖШС құрылтайшылары Боранбаев пен Нахановқа, сондай-ақ "Qazaq Gaz" АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Популярное
Последние выпуски
В Астане в связи со строительством LRT изменится схема движения на нескольких улицах
Об этом сообщает компания CTS. «Согласно плану производства работ по строительству LRT, по согласованию с департаментом ...
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған күдікті топ ұсталды
Ақтөбеде 2 млн теңге ақша бопсалаған 15 адам полиция бөліміне жеткізілді. Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа ...
Крупный пожар вспыхнул в Алматинской области
Днем 20 марта 2025 года в дежурную часть ДЧС Алматинской области поступило сообщение о возгорании ...
Движение ограничили на трассах в трех областях
Об этом сообщает «КазАвтоЖол». По состоянию на 18:00 20 марта 2025 года в трех областях на трех республиканских автодорогах ...
Алматы облысында қойма өртенді
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шықты. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, ...
Канат Бозумбаев проверил прохождение паводков в Актюбинской области
Актюбинская область традиционно входит в список территорий с высоким риском подтоплений. Ежегодно в конце марта ...
Гость украл телевизор из дома жителя Темиртау
Об этом сообщает Polisia.kz. В Темиртау мужчина стал фигурантом уголовного дела по факту кражи. Воспользовавшись невнимательностью ...
Группа дропперов задержана в Алматинской области: ущерб от их деятельности составил почти 600 млн тенге
Об этом сообщает Polisia.kz. Сотрудники управления по противодействию киберпреступности ДП Алматинской области при координации департамента по ...
Один погиб, второй пострадал: обстоятельства несчастного случая на шахте выясняют в Акмолинской области
При обвале на шахте «Западная» рудника Бестобе один рабочий погиб, еще один получил множественные травмы, сообщает Kazinform. Как ...